14 апреля 2020 Ауылшаруашылық техникалары

Фермерлердің 15%-ында ғана жаңа трактор мен комбайндар бар-Жигули Дайрабаев

Еліміздегі 212 мың фермерде, яғни тек  15 пайызында ғана жаңа трактор мен комбайндар бар. Бұл ақпаратты  Қазақстан фермерлер одағының жетекшісі Жигули Дайрабаев  ElDala.kz материалында айтқан еді.

Қазіргі таңда елімізде 212 мың фермер бар. Солардың 15 пайызы ғана жаңа  трактор мен комбайндармен жұмыс істейді. Ал қалған 85% -ы кеңес заманынан қалған,тозығы жеткен техникамен жұмыс істеуге мәжбүр.  Мен осы мәселеге үкіметтің назарын аударғым келеді! Бізде тұрақты ірі шаруашылықтар саусақпен санарлықтай ғана. Осы аталған жеке шаруашылықтарда техникалары жаңартылған. Егер біз АӨК-ті дамытқымыз келсе, ең алдымен аграрлық техникалық жабдықтарды жаңартуға көмектесуіміз керек, деді Жигули Дайрабаев.

Фермерлер одағы басшысының айтуынша, ауылдық жерде бизнесті дамыту үшін жағдай жасалмағандықтан, жастар қалаға кетуде. Аталған мәселеге басты назар аударуымыз қажет. Бір жағынан техника жоқ, ал екінші жағынан егер техника болса, онымен жұмыс істейтін мамандар жоқ. Жергілікті жерде механизатор, жүргізуші, дәнекерлеуші, малшы, табыншы, сауыншылар  жетіспейді. Жоқтың қасы деуге болады.

Тақырыпты оқу: Қазақстандағы АӨК шағын көлемді техниканы  қолдануда