19 июня 2020 Астық

ЕТС-те бидай сатып алушылар белсенділік танытпауда

Еуразиялық сауда жүйесінде екі күн қатарынан бидай саудасы жасалған жоқ.

Бейсенбі, 18 маусым күні, яғни бір күн бұрын сатушылар алты лот ұсынған. Онда 3 сұрыпты бидайдың екі лоты ( бір тоннасы 94 мың теңге) және 4 сұрыпты бидайдан – төрт лот  (бағасы 88 мың теңге) ұсынылды.

Алайда аукционға қатысуға ниет білдірген сатып алушылар болған жоқ.