23 июня 2020
Астық
ETS-те бидай сатып алуға деген сұраныс болмай тұр
Орталық Азия аймағы Өзбекстанда, содан кейін Қазақстанда пісетін жаздық астық жинау науқанын күтуде. Жаңадан жиналған егіннің сатылымға шығуына байланысты баға төмендейді деген үміт бар.
Сонымен бірге, Еуразиялық сауда жүйесінде бағалар тұрақты болып тұр. 3-ші сұрыпты бидай 94 мың теңге, 4-ші сұрыпты бидай -88 мың теңге.
Дүйсенбі күні, 22 маусымда бір де бір сауда саттық мәмілесі жасалған жоқ. Сатып алушылар үшін баға деңгейі көңілге қонымсыз болып тұрғандай.