27 июня 2020 Астық

ETS-те апта бойы бір ғана сауда мәмілесі жасалды

Еуразиялық сауда жүйесінде өткен аптада бидай сатуға байланысты жалғаз мәміле жасалды.

23 маусым күні аукционда  бір сатып алушы ғана 8 мың тонна 4 сұрыпты бидайдың тоннасын 87 мың теңгеден сатып алып, 696 миллион теңге төледі.

Аптаның басқа күндері сауда жасалған жоқ. 4 сұрыпты бидайдың тоннасына 88 мың теңге деңгейінде, ал 3 сұрыпты бидай бағасы 94 мың теңге деңгейінде тұрды.