Ресей бидайын әкелуге құқығы бар элеваторлардың тізімі жарияланды
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бидайды темір жол көлігімен әкелуге құқығы бар лицензияланған кәсіпорындардың тізімін жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, "Атамекен" ҰКП қатысуымен астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімі қалыптасып, өзектендірілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды. Бидай импортына тек лицензияланған элеваторларға, астық өңдеушілерге және құс фабрикаларына рұқсат етіледі.
Бидайды темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу 11 қазаннан бастап алты ай мерзімге енгізіледі.
Сондай-ақ, бидайды үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен әкелуге толық тыйым салу ұзартылды.
Бұйрықты орындау шеңберінде АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті ҚТЖ ұлттық компанияларына лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін қалыптастырып, жіберуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы министрлігі темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайтынын атап өтті.