Қазақстанда астық экспортының жаңа бағыты пысықталуда
Қазақстан бидайды Бейнеу астық терминалы арқылы Ауғанстан мен Пәкістанға экспорттауды жоспарлап отыр. Өткен аптада вице-премьер Серік Жұманғаринмен бірге терминалға Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациялары келді, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
«Ауған өкілдері Азық-түлік корпорациясының басшысы және Бейнеу терминалының басшылығымен терминал арқылы астық жеткізу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық бидайды Бейнеу терминалы арқылы Ауғанстан мен Пәкістанға экспорттаудың негізгі және тұрақты бағытын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жоспарларды іске асыру үшін шекара маңындағы аумақтарда қосымша қоймаларды салу және Түркіменстан аумағы арқылы логистиканы жолға қою талап етіледі. Үкімет мүдделі тараптар қазақстандық астықты жеткізудің жаңа экспорттық бағытын құру егжей-тегжейін пысықтауға ниетті екенін атап өтті.
Маңғыстау облысының аумағында орналасқан ауданы 26 га Бейнеу терминалы Қазақстан-Түрікмен шекарасына тікелей шыға алады. Бұл 8 км теміржол жолдары мен өзінің жылжымалы құрамы бар келешекті логистикалық хаб. Терминал бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтай алады, күніне 500 вагонға дейін қабылдай алады, жылына 2 млн тоннаға дейін оралған және астық таситын көліктермен жібере алады. Алдағы уақытта қуаттылық кеңейеді.
Сондай-ақ, тәулігіне 320 тонна ұн мен 80 тонна кебек өндіруге мүмкіндік беретін диірмен кешені жұмыс істейді. Қазір жабдықты жаңғырту процесі жүріп жатыр, одан кейін жалпы қуаттылығы тәулігіне 400 тонна ұн өндірудің екі желісі іске қосылатын болады. Тәулігіне 80 тоннаға құрама жем өндірісі жолға қойылды. Жаңғыртудан кейін қуаттылық тәулік сайын 240 тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
Сонымен қатар, Ақтауда өткен бірінші көліктік сауда-экспорттық форумда Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан өкілдері Түркіменстанның батыс шекарасынан Ауғанстан арқылы Пәкістанға және одан әрі Үндістанға өтетін Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак жаңа теміржол магистралін салу мүмкіндіктерін талқылады. Түрікменстан Министрлер Кабинеті жанындағы көлік және коммуникациялар агенттігінің басшысы Мамметхан Чакыевтің айтуынша, түрікмен тарапы ауғанстандық әріптестерімен Тургундиде логистикалық орталық құруды келісіп қойған және жақын арада құрылысқа кірісуге ниетті. Ол Қазақстанға теміржол құрылысына қатысуды ұсынды.
Сондай-ақ астықты, контейнерлерді және басқа да жүктерді ауыстырып тиеу үшін қуаттар салу жоспарлануда.
«Біз жаңа темір жол бағытын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды құптаймыз және Түркіменстан мен Ауғанстанның Тургунди-Герат жолын салу жоспары бар екенін естуге қуаныштымыз. Жобаның тараптары күш біріктіргені өте маңызды. Біз Түркіменстан идеясын қолдаймыз, бұл шын мәнінде Ауғанстан арқылы Пәкістанға және одан әрі Үндістанға батыс дәлізін салудың бастамасы», - деді Серік Жұманғарин.