Қазақстанда егіс алқабының 14%-ынан астық жиналды
Қазіргі таңда Қазақстан өңірлеріндегі бұршақ және дәнді дақылдар себілген 2080,6 мың гектар алқап орылды немесе барлық алаңның 14% жиналды.
20 тамыздағы мәлімет бойынша 3096,5 мың тонна астық орылды, егіннің орташа өнімділігі гектарына 14,9 центнерді құрады (2019 жылы - гектарына 16,3 центнер). Өткен жылы осы мезгілде ҚР-да 1033,2 мың га (7,2%) жиналып, 1681,7 мың тонна астық орылған болатын.
Ең жоғары өнімділік Жамбыл облысында тіркелді (гектарынан 22 центнер): 358,6 мың га жиналды және 814,4 мың тонна өңделді; Түркістан облысында (гектарынан 20,5 центнер): 250,5 мың га жиналды және 512,9 мың тонна астық бастырылды; Алматы облысында (гектарынан 17,7 центнер): 236,4 мың га жиналды және 418,6 мың тонна астық бастырылды.
Бұған дейін Қазақстанның астық алқаптарында жаппай егін жинау науқаны 20 тамызға дейін басталады деп хабарланған болатын.