24 августа 2020 Астық

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен астық қорын құруды жоспарлауда

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен (АҚИҰ) бірлесіп астық қорын құру мүмкіндігі Азық-түлік келісім шарт корпорациясының міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған 2021 - 2030 жылдарға арналған Азық-түлік келісім шарт корпорациясының даму стратегиясында көрсетілген.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы азық-түлік ресурстарын экспорттайтын мемлекет, осы ұйымның штаб-пәтерінің Қазақстанда орналасқандығын ескере отырып, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Мұндай іс шаралардың болашағы АҚИҰ -ға қатысушы елдермен астық қорын бірлесіп құруға және қажет болған жағдайда осы елдерге астық жеткізуді жүзеге асыратын қызметтерді орындауға байланысты болуы мүмкін», - деп жазылды бұл құжатта.

Астық экспортының пулын құру астық нарығындағы баға саясатын тұрақсыздандыруға себеп болатын делдалдарды сауда тізбегінен шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аграршылар өздері өндірген астықты сатудан түскен қомақты пайданы қосымша экспорттық кіріс есебінен арттыруларына мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, АҚИҰ платформасымен исламдық қаржы институттарымен байланыс арқылы  Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына, соның ішінде халал өнімдерін өндіруді дамытуға қатыстыруды көздейді.

Сонымен бірге Азық-түлік келісім шарт корпорациясы отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен форвардтық мәмілелер механизмі арқылы АҚИҰ елдерінің исламдық инвесторларымен қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуге және Қазақстанда өндірісті ұйымдастыруға ұзақ мерзімді шарттар жасасу мүмкіндіктерін зерттейді.

«Экспорттық келісім-шарттар жасасуда кезінде азық-түлік корпорациясының ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудағы баға тәуекеліне көмектеседі, сондай-ақ шетелдік қаржы институттарынан несие алу кезінде валюталық тәуекелді азайтады», - деп көрсетілді құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Өзбекстанда сауда өкілдігін ашып, астық өндірушілердің экспорттық әлеуетін қалыптастыруды жоспарлап отыр.