24 сентября 2024 Астық

AGRICOM-да астық саудасының әлемдік трендтері таныстырылады

Халықаралық астық саудасы AGRICOM конференциясында талқыланатын тақырыптардың бірі болады. Астық конференциясы 25 қыркүйекте Астанада өтеді.

AGRICOM-да халықаралық сауда туралы сессияның модераторы Viterra Kazakhstan бас директоры Сергей Потапов болады.

Сессияның спикерлері 2024/25 маусымындағы әлемдік астық саудасының трендтері және экспорттық әлеуеті туралы ақпаратты береді. Сессияға қатысушылар Өзбекстан, Қытай және Ауғанстан нарықтарының, АҚШ-тағы астық трейдингінің қажеттіліктерін талқылайды, сондай-ақ ресейлік астықтың сыртқы нарықтары туралы әңгімелейді.

Талқылауға ұсынылатын мәселелердің қатарында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары экспортының күтілетін көлемі; Орта Азия және Ауғанстан елдерінің нарықтарына Ресей бидайы мен ұнын жеткізу көлемін бағалау; Қазақстаннан негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының экспортын реттеу және іргелес мемлекеттердің аумағы бойынша астық транзитінің ерекшеліктері бар.

Сессияның сарапшылары: Дмитрий Рылько (Аграрлық нарық конъюнктурасы институты, Ресей), Султон Назаров (Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі), Чжу Сяохуэй («Шыңжаң Тайкун» тобы (МАГАТАН), Қытай), Атай Олфатуллах (Ауғанстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы), Лукас Блауштайн (АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі, Қазақстан және Орталық Азия бойынша USDA кеңсесі).