Кеше Астық

ҚТЖ қазан айында 1,3 млн тонна астық тасымалдауды жоспарлап отыр

Қыркүйек айында ҚТЖ компаниясы 1,1 млн тонна астық тасымалдады, оның 867 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Қазан айында 1,3 млн тонна астық тасымалдау жоспарлануда. Бұл туралы ҚТЖ ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қыркүйек айында Орталық Азияға 457 мың тонна, Қытайға - 187 мың тонна, Ақтау арқылы Иранға - 140 мың тонна жөнелтілді.

9 айда 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 5 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді.

ҚТЖ компаниясы астық нарығына қатысушылармен жүзден астам фермерлер мен трейдерлер қатысқан тасымалдар мен өзара іс-қимылды талқылау үшін кездесулер өткізді.