13 марта 2025 Астық

Қазақстандағы астық қоры 14,9 млн тоннадан асады

Қазақстанда дәнді және бұршақ дақылдарының қоры 1 наурызға 14 млн 972 мың тоннадан астам, оның ішінде бидай – 12 млн 427 мың тоннадан астам көлемде есептелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Астықтың жалпы көлемінен азық-түлік қоры 11 млн 883 мың тоннадан астам, тұқым – 1 млн 396 мың тоннадан астам және жемшөп – 1 млн 692 мың тоннадан астам болды.

Қоймаларда азықтық бидай 10 млн 562 мың тоннадан астам, тұқым қорында 1 млн 138 мың тоннадан астам, 726 мың тоннадан астам жемшөп болды.

Статведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында 5 млн 505 мың тоннадан астам астық, элеваторларда – 4 млн 355 мың тоннадан астам, фермерлік шаруашылықтарда – 2 млн 552 мың тоннадан астам, көтерме саудагерлерде – 255,7 мың тоннадан астам, органикалық химиялық заттарды өндірушілерде – 11,2 мың тоннадан астам, жем өндірушілерде – 23,3 мың тоннадан астам астық бар. Ұн тартушылардың қоры 1 млн 228 мың тоннадан астам және басқа заңды тұлғаларда 1 млн тоннадан астам болды.

Айдың басында арпа қоры 1 млн 556 мың тоннадан асты: 672 мың тонна – азықтық, 160 мың тонна – тұқым және 724 мың тонна  – жемдік.

Сонымен қатар, Қазақстанда жүгері қоры 104 мың тоннаны, күріш 210 мың тоннаны, қара бидай – 19 мың тоннаны, сұлы – 218 мың тоннаны, қарақұмық – 80 мың тоннаны құрады.