KazGrain астық саудасын қаржыландыру құралдарын қолдануда
KazGrain экспорттаушылар Қауымдастығының басшылығы PolyTrade неміс компаниясының өкілімен кездесіп, астық экспортының саудасын қаржыландыру жолдарын талқылады. Бұл туралы Facebook-те қауымдастық басшысы Қанат Көбесов хабарлады.
Қ.Көбесовтың айтуынша, PolyTrade компаниясымен ынтымақтастық отандық экспорттаушыларға жаңа келісімшарттармен астық сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік береді. Неміс компаниясының өкілі Юрий Анощенко ұсынған сауданы қаржыландыру құралы сатып алушы мен Тапсырыс беруші бір-бірін енді тани бастаған кезде жаңа келісімшарттар жасасу кезінде қажет болып табылады.
«Мұндай кезде экспорттық мәмілеге қатысушылардың тәуекелдері барынша азайады, ал мердігер сауданы қаржыландыру бойынша тауарларына 100% аванстық төлем алады, ал тапсырыс беруші мердігерден астық алғанға дейін өзінің ақшасын жұмсамайды. Экспорттық операцияның барлық кезінде мердігермен де, тапсырыс берушімен де есеп айырысқанға дейін неміс компаниясымен бірге жүріп, қызмет көрсетеді», - деп түсіндірді KazGrain басшысы.
Сонымен қатар кездесудің қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастық жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізгені айтылды.