10:24
Астық
Қазақстанның астық экспортының әлеуеті 13 млн тоннаны құрайды
Ағымдағы жылы алынған астық өнімі ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Ол 2024-2025 маркетингтік жылы Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға жоғары және соңғы 20 жылдағы экспорттың ең жоғары көрсеткіші екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа егін астығы экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға артық. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды», - деп атап өтті Азат Сұлтанов.