2020 ж. ауыл шаруашылық егістік алқаптар 238 мың гектарға кеңейеді
Қазақстанда 2020 жылы егіс алқабы 22,5 млн гектар болады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға артық, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Биылғы жылы дәнді дақылдар және бұршақты дақылдар 2019 жылға қарағанда 193 мың гектарға аз, ал майлы дақылдар керісінше 122,2 мың гектарға артық (барлығы 3 млн га) отырғызылады деп күтілуде.
Бұл егіс алқаптарын әртараптандыру және рентабельділігі жоғары дақылдарға көшу жөніндегі мемлекеттің стратегиясымен байланысты.
Сонымен қатар, көкөніс ― бақша дақылдары мен картоптың көлемі 19,3 мың гектарға, жем-шөп дақылдарының көлемі 309 мың гектарға ұлғаяды. Естеріңізге сала кетейік, республиканың оңтүстік аймақтары егін егу жұмыстарына кірісті.