БҚДА мекемесі «Астық Транс» тарифін өзгертуде заң бұзушылықтар таппады
Наурыз айының басында Мәжіліс депутаттары бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне астық тасымалдаушы «Астық Транс» компаниясы тарифтерінің көтерілуінің себебін тексеру туралы өтініш жазып жүгінді. Осы мәселені анықтау нәтижелері бойынша аталған компанияның тарифтерінде ешқандай заң бұзушылықтар таппады.
БҚДА төрағасы Серік Жұмангарин қол қойған сауалға жауап ретінде хабарлағандай, 2020 жылдың басынан бастап қыркүйек айына дейін астық тасымалы үшін бір вагон құны тәулігіне 7 570 теңге болды. Қазан айында тариф әр күнге 8 500 теңгеге дейін көтерілді, қараша айында – бұл баға 9 000 теңге болды. Алайда 2021 жылдың қаңтарынан наурызына дейін баға 7 920 теңгеге дейін төмендегендігі байқалды.
ҚР нарығындағы осындай қызмет түрін көрсететін «Rich Logistic Express» ЖШС тәулігіне 12 000 теңге, «ОДК» ЖШС бір тәулікке- 9 500 – 10 000 теңге ақы алады.
«Тарифтегі көп шығынның негізгі үлесі инфрақұрылымға (қаңтарда өсім 9,27% құрады), жөндеу жұмыстарына (қазан айында- 31,48%, қараша айында- 10,91%) және көліктерді пайдалануға (қазан айында - 3, 69%) жұмсалады. Осылайша, Компания автопаркінің 90% -ы 30 жыл қолданылған вагондардан тұрады, бұл көліктерге жөндеу жұмыстарын көп жүргізуді қажет етеді. 01.01.2020 жылғы жағдай бойынша Компанияға тиесілі астық тасымалдаушылар паркі 3 516 бірлікті құрады, оның ішінде 492 астық тасымалдаушылар 2020-2021 жылдардағы қызмет ету мерзіміне байланысты шығарылуы керек. Нәтижесінде 2020 жылы көліктерді жөндеуге кететін шығындар 2019 жылмен салыстырғанда 50% өсті. Сонымен қатар, вагондарды жөндеудің негізгі көлемі 2020 жылдың III және IV тоқсанына түсіп, 424 вагонды құрады», - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтарында ҚТЖ қызметтеріне теміржол тарифінің өсуі байқалды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ұн өндірушілерге нан бағасын тұрақтандыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінеді
Сонымен бірге, аталған қызмет көрсететін компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Астық Транс» ETEX электронды сауда платформасы арқылы белсенді тасымалдаушыларды ұсынады. Осылайша, компанияның қызметтерінің нарықтық бағасы бәсекелестік жағдайда қалыптасады: АҚ бастапқы мөлшерлемені ұсынады, ал одан әрі динамикасы (жоғарыға да, төменге де) сұраныс пен ұсынысты ескере отырып қалыптасады.
«Жоғарыда айтылған жағдайларға сүйене отырып, Агенттік Компанияның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталмады», - деп қорытындылады Серік Жұманғарин.
Бұған дейін елдің оңтүстігіндегі ұн тартатын 15 компания ірі астық тасымалдаушы «Астық Транс» операторы тұтынушылардан талап еткен қосымша келісім жасасу жоспарымен келіспейтіндіктерін білдіріп, пайдалану мерзімін ұзартуға көнбеген еді. Бірақ бұдан кейін оператордың тарифі өсті. Мәселені жүк жөнелтушілермен талқылағаннан кейін, екі тарап келісімге келді.