Қазақстанда 2020/21 жылдары астық жинау мөлшері 18,3 млн тоннаға дейін артады
Қазақстан Республикасында келесі маусымда астық жинау мөлшері 18,3 млн тоннаға дейін артады, бұл 2019/20 жылдармен салыстырғанда 1,8 млн тонаға көп.
Қазақстанда астық өндіруге байланысты мұндай болжам Халықаралық астық кеңесінің (IGC) наурыз айындағы есебінде хабарланды, деп жазды «КазахЗерно.kz».
Аталған болжам бойынша елдегі астық қоры келесі жылы 0,4 млн тонаға артады, ал алдыңғы маусымда 2,7 млн тонна болған еді.
Қазақстанда алдағы маусымда астықты 21,1 млн тоннаға дейін жетеді деген болжам бар, бұл 2019/20 жылдарға қарағанда 1,2 млн тонна.
Айтылған наурыз айындағы есеп бойынша, 2020/21 жылдары астықтың экспорттық әлеуеті 8,9 млн тоннағадейін артады деп жоспарланған, ал биылғы маусымда шетелге астық шығару 1,7 млн тоннаға аз болады деген болжам бар.
Ағымдағы жылы елдегі астық импорты 0,1 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. Биылғы жылы Қазақстан шетелден 1,1 млн тонна астық сатып алатын болады.
Елде дәнді дақылдарды тұтыну мөлшері 2020/21 жж., IGC-тың наурыз айындағы мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы маусымда сол деңгейінде 10 млн тонна көлемінде қалады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, алдағы маусымда астықтың ауыспалы қоры биылғы жылы 2,7 млн тона болады деген болжам бар, бірақ ол көрсеткіш 2,1 млн тоннаға дейін азаюы мүмкін.