30 марта 2020 Астық

2019/20 жылдары әлемде 763 млн тонна бидай өндіретін болады, дейді сарапшылар

Халықаралық астық кеңесінің (IGC) наурыз айындағы есебі бойынша, бидайдың әлемдік түсімі 2019/20 жылдары 763 млн тоннаға жетеді, деп жазды «КазахЗерно.kz».

Астық өндіру бойынша өткен жылғы көрсеткіш 31 млн тоннаға кем екендігі хабарланды.

2019/20 жылдың қазіргі уақытында бидайды әлем бойынша тұтыну мөлшері бұрынғысынша 753 млн тонна мөлшерінде. Былтырғы жылмен салыстырғанда сол көлемде бірқалыпты болып отыр. Ал мамандардың болжамы бойынша 15 млн. тоннаға дейін артады деген еді.

IGC-тің соңғы мәліметтері бойынша 2019/20 жылдары бидайдың әлемдегі сауда мөлшері 176 млн тонна көлемінде. Ал 2019/20 жылдары осы мерзімде бұл көрсеткіш 8 млн тоннаға төмен болған еді.

Дүние жүзінде  2019/20 жылдары ауыспалы астық қоры, наурыз айының соңында 275 млн тонна деген мәлімет болды. Бір ай бұрынғы болжамда осы шамалас еді. Өткен маусымдағы қор мөлшері 10 млн тоннаға аз жұмсалды.