04 июня 2021 Астық

Ақмола облысында егін егу шаралары аяқталды

Ақмола облысында жаздық егіс аяқталды.Аталған егін егу шаралары қолайлы кезеңде жүргізілді. Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Өңірдегі егіс көлемі 4983,5 мың гектарды құрады, оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар 4546,1 млн гектарға себілді, майлы дақылдар 223,5 мың гектарға, жемшөп дақылдары 189,9 мың гектарға егілді.

АШБ ақпараты бойынша, облыста қарақұмық алқабы 9,7 мың гектарға және картоп 5 мың гектарға ұлғайтылды.

Тақырыпқа байланысты оқу: 2021 жылы суармалы жерлердің аумағы 66 мың. гектарға ұлғайтылады

Ағымдағы жылы аталған аймақ фермерлеріне 33 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 11,9 млрд теңге бөлінді.