15 апреля 2020
Астық
Бидай және ұн экспортына берілетін квота компанияларға бөлінді
Қазақстан Ауыл шаруашылық министрлігі 3 және 4 санатты жұмсақ бидай мен ұн экспортына берілетін квотаны компанияларға бөліп берді.
Бидай экспортына арналған квотаны 51 компания алды, ең көп мөлшерге ие болғандар:
- «ВКЗ-АГРО» — 16,38 мың т
- «Альпина Агро» — 16,06 мың т;
- Olzha Grain — 15,72 мың т;
- ETG Commodities — 12,73 мың т;
- Атамекен-Агро — 10,72 мың т;
- Grain Pool — 10,47 мың т;
- АЗК Мирас — 10,19 мың т.
Тақырыпты оқу: Ұн өндірушілер қазақстандық ұнға салынған квотаға қарсы
Бидай ұнын экспорттаушылар тізіміне 67 компания енді,ал алдын ала жасалған тізімде 74 болған еді.Ең көп көлемге ие болғандар:
- «Компания «САЛАМАТ» — 6,77 мың т;
- «АзияАгроФуд» — 3,15 мың т;
- «Атамекен-Дос» — 2,84 мың. т;
- «Бест Костанай» — 2,71 мың т;
- КМК-Pioneer — 2,71 мың т;
- «КАЗОВУР» — 2,71 мың т;
- «ХПП Тонкерис» — 2,44 мың т;
- «Дани Нан» — 2,17 мың т;
- MILLER & K — 2,17 мың т.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айында жалпы бидай экспортына 200 мың т, ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың т құрайды. Сонымен қатар елде сәбіз, шалқан, қызылша және қырыққабатқа квота беріледі.