Шығыс Қазақстан облысында егін егу жұмыстары басталды
Шығыс Қазақстан облысында егін егу жұмыстары басталды, жазғы дақылдар 2 мың га (0,4%) алқапқа себілді, деп КазахЗерно.kz жазды.
Егістік жұмыстарын алғашқы болып, Шығыс Қазақстан облысында Үржар, Зайсан және Тарбағатай ауданының аграршылары бастады.
Сондай-ақ, облыс көлемінде басқа да көктемгі егіс жұмыстары жасалуда. 20 сәуірдегі жағдай бойынша ылғал 90 мың га жерді қамтыған, егіс алдындағы өңдеу жұмыстары 7 мың га алқапта жүргізілуде, көктемгі жер жырту 9 мың га егістікте істелуде.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы егістік алқап 1,37 млн га жерді құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7 мың гектарға артық болып саналады. Биылғы жылғы жазғы дақылдар себілетін жер көлемі 1,1 млн га құрайды. Сондай-ақ аталған өңірде себілетін басқа да дақылдар:
- астық және бұршақ дақылдары — 559 мың га немесе 41%;
- майлы дақылдар — 481 мың га, 35% артығырақ, оның ішінде күнбағыс майы - 446 мың га немесе 33%;
- азықтық — 292 мың га немесе 21%;
- картоп — 19 мың га;
- көкөніс және бақша өнімдері — 16 мың га.