Азық-түлік корпорациясы трейдерлерден бидай сатып алу шарттарын жариялады
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу шеңберінде "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан (экспорттаушылардан) астық сатып алуды жүргізеді. Бұл туралы ElDala.kz Азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ҰК" АҚ Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (АҚҰМЭТ) астық қолхатын сатуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мәлімделген бидай көлемінің 10% белгіленген баға бойынша сатқан өтініш берушілер жіберіледі.
Корпорация астық қолхаттарын өтініш берушілерден күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды, қол қойылғаннан кейін оларды өңдеп, уәкілетті органның мекенжайына жолдайтыны хабарланады. 18.00-ден кейін келіп түскен астық қолхаттары келесі жұмыс күні өңделетін болады. Демалыс және мереке күндері түскен астық қолхаттары демалыс және/немесе мереке күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні өңделетін болады.
АҚҰМЭТ жүйесінде астық қолхаттары өтініш берушінің сатуға арналған бұйрыққа қол қою уақыты бойынша корпорацияның жеке кабинетіне түседі (бұрын қол қойылған астық қолхаттары тізімнің жоғарғы жағында орналасқан).
"Корпорация тарапынан астық қолхатын сатып алуға арналған бұйрыққа қол қою корпорацияның жеке кабинетінде астық қолхатының түсу кезектілігі бойынша жүргізіледі және осындай тәртіппен уәкілетті органға жіберіледі. Осыған байланысты өтініш беруші әрбір астық қолхатына (бір астық қолхатына бір шарт) шартқа қол қоюы қажет", - деп түсіндірді Азық-түлік корпорациясында.
Астық сатып алу шартының нысанын мына жерден жүктеп алуға болады.
Өтініш беруші қол қою құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Шарттың түпнұсқасы 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Бұл ретте өтініш беруші астық қабылдау кәсіпорнында бидай астығын сақтау бойынша барлық шығыстарды корпорация мекенжайына бидай астығын өткізу күніне дейін төлеуге тиіс.
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан (экспорттаушылардан) астық сатып алу шеңберінде шарттар жасасуға жауапты "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ қызметкерлерінің байланыстары:
Нұр-Сұлтан, Сарыарқа ауданы, Московская көшесі, 29/3 үй (Орталық аппарат):
шарттар жасасу мәселелері бойынша:
Мырзағалиев Дияс Есенұлы - телефон: (8-717-2) 59-13-07 (іш. 2279), эл. мекенжайы: D.Myrzagaliyev@fcc.kz;
Жанатаев Рустам Бақытбекұлы.
астық қолхаттарының хат алмасу мәселелері бойынша:
Қыдырбекова Әдебиет Елеукенқызы - телефон: (8-717-2) 59-12-64 (іш. 2264), эл. мекенжайы: a.kydyrbekova@fcc.kz
Тілеумағамбетов Қайрат Мырзағалиұлы.
20 сәуірде ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік корпорациясы трейдерлерден бидайды тоннасына 116 мың теңге бағамен қабылдайтынын хабарлады. Сондай-ақ астық қабылдау үшін АҚК мекенжайы жарияланды.