Қазақстанда жаздық егіс 2245 мың гектарға себілді
Қазіргі таңда Қазақстанда жаздық егіс 2245 мың га немесе белгіленген алаңның 12,1% отырғызылды. Бұл туралы АШМ-нің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысы туралы жедел ақпаратында хабарланады.
«Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жаздық астық 18 625,8 мың га (2019 жылы — 18 422,6 мың га) алқапқа себу жоспарланған, 2245,0 мың га немесе 12,1% (2019 жылы — 1436,0 мың га немесе 7,8%) орындалды», — деп хабарлады ведомстводан.
Бүгінгі күні дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 1302,8 мың га (8,8%), майлы дақылдар - 506,5 мың га (16,8%), көкөніс — бақша және картоп өнімдері — 236,5 мың га (50,1%), көпжылдық шөптер — 178,7 мың га (63,5%), мақта — 90,7 мың га (76,6%), қант қызылшасы-20,5 мың га (93,2%) алқапқа егілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 12 облыста жүргізілуде: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан.