Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанға бес жылдан кейін сүт импорты қажет болмайды
Қазақстанда бес жыл ішінде сүтке деген сұраныс мәселесі толығымен шешіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров мәлімдеді.
«2019 жылы өндірістік қуаты 40 мың тонна сүт өндіретін 8 өнеркәсіптік және 14 отбасылық ферма іске қосылды. Салыстыру үшін айтар болсақ, алдыңғы жылдары республика бойынша тек 3 шаруа қожалығы жұмыс істеген. Алайда 464 мың тонна көлемінде импорт бар екендігін естен шығармауымыз керек. Жалпы, 5 жыл ішінде сүтті 500 мың тоннаға көбейту арқылы импортты алмастыру жоспарланып отыр», — деді С.Омаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірге аймақтарда сүт фермаларын салу мәселесін талқылауда. Ағымдағы жылы 29 өнеркәсіптік сүт фермасын салу және 39 отбасылық фермаларды жаңарту бойынша жобалар ұсынылды. Бүгінгі таңда жеті индустриялық жобаны қаржыландыру мәселесі шешілді, бір жоба өз қаражатымен жүзеге асырылуда. Қалған жобалар үшін қаржыландыру «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биыл қосымша бөлінген 400 миллиард теңгемен іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» компаниясымен бірлесіп инвестициялық жобаларды қаржыландыруда кепілге қойылатын талаптарды қайта қарады. Бұл жұмыстарды істеу барысында кепілдікке зат жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктер несие сомасының 85% -ына дейін кепілдік беру механизмі енгізілді. Сүт фермаларын ашқан инвесторлар жобаға салынған инвестицияның бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ сатылған сүттің құнын төмендету үшін қаржылай қолдау алады.