Жаңа сүт фермасының құрылысы 8 млрд теңгеге бағаланды
Қазақстандағы сүт бизнесі инвесторларды көбірек тартып, елімізде заманауи өнеркәсіптік кешендердің саны артып келеді. Сонымен қатар, сүт фермасының құрылысы ауыл шаруашылығындағы капиталды көп қажет ететін жобалардың бірі болып табылады. Сүт бизнесіне «кіру билеті» қанша тұратыны туралы ElDala.kz порталына «Westfalia-Қазақстан» компаниясының бас директоры Сансызбай Өмірбеков айтып берді.
«Соңғы жылдары Қазақстанда 1000 және одан жоғары мал басы бар фермалар салынып, іске қосылуда. Егер құрылыс туралы айтатын болсақ, онда шығындар 1 мал орнына 3,5-3,8 млн теңгені құрайды. Жабдық - 1 мал орнына 1-ден 1,2 млн теңгеге дейін. Сонымен қатар, Еуропадан мал әкелу - голштин немесе симменталдың басы үшін 2,5-тен 3 мың еуроға дейін немесе 1,5 млн теңге. Егер осы шығындардың барлығын қосатын болсақ, 1 мың бас малға арналған дайын ферманың құны шамамен 6 млрд теңге. Бұл сүрлем шұңқырлары мен құрама жем зауытын қосқанда», - деді Сансызбай Өмірбеков.
Ферманы іске қосумен бірге жемшөп қорын қамтамасыз ету қажет - бұл табыстың негізі. Жерден басқа, жемшөп өндірісі үшін арнайы техника қажет - сепкіштер мен комбайндар. Бұл 1,5 млрд теңгені қажет етеді. Суаруды орнатуға - тағы 1 млрд теңге.
«Жалпы салымдар - 1000 басқа арналған ферма және суармалы жем өндіру - бұл шамамен 8 млрд теңге», - деп нақтылады Сансызбай Өмірбеков.
Толығырақ материалдан оқыңыз: Қазақстанда сүт фермасы қанша тұрады