Кеше Мал шаруашылығы

2024 жылы Қазақстанда 65 СТФ пайдалануға беріледі

СҚО тәжірибесін тираждау жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін қуаттылығы жылына 300 мың тонна сүт болатын 65 жоба пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы қыстау кезеңіне 50,2 млн тонна жем дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылдан бастап СҚО-ның сүт-тауар фермаларын салуды жеңілдетілген несиелеу бойынша тәжірибесін тираждау немесе Үлкен жоба жүзеге асуда. Бірінші траншқа 100 млрд теңге бөлінді, несиелеу жылдық 2,5%-бен жүргізіледі.

Жалпы, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2024 жылдың 10 айында 829,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығына - 694,7 млрд теңге, азық-түлік өнімдеріне - 135,1 млрд теңге.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайып, 7,8 трлн теңгені құрады. 11 айда азық-түлік өндірісі 2,1%-ға артып, 3 трлн теңгені құрады.