Ақмола облысында мал жаппай қырылды
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Доңғылағаш ауылында малдың жаппай қырылуы тіркелді. Қазіргі уақытта жануарлардың қырылу себебі анықталып жатыр, деп ElDala.kz порталына Ақмола облысы әкімдігінде хабарлады.
«2025 жылдың желтоқсан айында Доңғылағаш ауылында жеті мал иесінің 28 бас ірі қарасы өлді, тоғыз бас ірі қараны союға мәжбүр болды. Жергілікті жерде Зеренді ауданының ветеринариялық қызметі жұмыс істейді, күн сайын аула аралау жүргізіледі және ауру жануарларды симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Патологиялық материалдың сынамалары Республикалық ветеринариялық зертхананың Ақмола облыстық филиалына жіберілді», - деп әкімдікте хабарлады.
Қазіргі уақытта алдын ала диагноз - жеммен улану. Жағдай өңірдің ветеринария басқармасының бақылауында.