08:00 Мал шаруашылығы

Қазақстан Австралиядан мал импорттай бастайды

Қазақстанның етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы шеңберінде ел фермерлеріне жергілікті және шетелдік мал сатып алуға жылдық 5%-бен жеңілдікті несиелер берілетін болады: жылына барлығы 110 мың бас мал сатып алуға бюджет бөлінетін болады, оның 50 мыңы - жергілікті мал, 60 мыңы - импорттық мал.

Асыл тұқымды ірі қара малды Қазақстанға қайдан импорттауға болады? Бұл туралы ElDala.kz порталына Қазақстан мал өсірушілер одағының басшысы Дәурен Салықов айтып берді.

- Қолайлы бағамен 60 мың аналық бас табу оңай емес, - деп атап өтті Дәурен Салықов. - Биыл Ресей нарыққа тек 20 мың бас, Беларусь - 3 мың бас, Еуропа - шамамен 12 мың бас ұсына алады. Бірақ бұл елдер сататын жалпы көлемдер екенін түсіну керек. Ал кімге - сатып алушылар ұсынатын бағаға байланысты. Сондықтан мен бұл көлемнің тек 50%-ына ғана сенер едім. Қалған малды қайдан алуға болады? АҚШ пен Канададан әкелу мүмкін емес; ондағы ірі қара малдың бағасы қазіргі уақытта ең жоғары деңгейде, қашарларға 5000 доллар сұрайды. Бұл баға - карантинсіз және жеткізусіз. Егер біз оны әкелсек, бұл мал «алтын» болады. Австралиядан әкелуге болада, ол жақта бір қашардың бағасы шамамен 3000 доллар. Оңтүстік Америка: Уругвай, Аргентина және Бразилия да қолайлы нұсқалар.

Өткен ауқымды мал әкелу тәжірибесін ескере отырып, сарапшылар Қазақстанның қатал климатына 1 жасқа дейінгі оңтүстік елдерден жануарларды әкелу маңызды деп санайды. Сол кезде олар оңай бейімделеді. Бұл ұсыныс сатып алу критерийлерінде жазылады.

Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасының нюанстары 14-15 ақпанда Бурабайда Dala Camp Forum 2026-да талқыланды.