Экология министрлігінің қарамағында балық шаруашылығы комитеті құрылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымында үкімет қаулысымен Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Аталған бөлімнің жұмысы жаңадан қабылданған 2030 жылға дейінгі Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру, атап айтқанда балық өсіру көлемін ұлғайту және балық өнімдерін экспорттау болып табылады. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Балық шаруашылығы комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында жұмыс істеген болатын, бірақ 2014 жылы таратылды. Содан бері балық ресурстарын қорғау, балық өсіруді көбейту және дұрыс пайдалану жөніндегі жұмысты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті айналысып келеді.
«Бұл саладағы қызметтерді жергілікті атқарушы органдар және балық шаруашылығы субъектілерінің өзін-өзі басқару органдары басқарады, алайда бұл орталықтандырылған жұмыс үшін кедергілер тудырды», - деп атап өтті Экология министрлігі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда балық шаруашылығы үшін инвестсубсидия беріледі
Аталған мекемеде жүйелі жұмыс істеу үшін департамент балық өсіру көлемін 600 мың. тоннаға дейін арттырады деп болжам жасалуда (салыстыру үшін 2019 жылы 7,4 мың тонна өндірілген). Балық экспортын 300 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Ол үшін 545 жаңа балық өсіретін шаруашылық салынады, жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық жаңартылатын болады.
«Жаңадан құрылған комитеттің алдында бағдарламаны іске асыру тұр, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру, балық жемін өндіруді құру, кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері тұр», - деп қорытындылады баспасөз қызметі.