Азық-түлік корпорациясы жемге арналған астықты сата бастады
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы малға арналған жем-шөп қорын жинастырды, оның 35 мың тоннасы қазірдің өзінде құс фабрикалары мен мал фермаларына сатылды. Бұл туралы ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов ОКҚ брифингінде айтты.
«Қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жем-шөп қорының белгілі бір қорын жинастырып үлгерді. Мал шаруашылығы кәсіпорындарына шамамен 35 мың тонна 4-5-ші сұрыпты арпа мен бидай жіберілді», - деді Е.Ахметов.
Оның хабарлауынша, 4-сыныпты бидай кәсіпорындарға тонысы 87 мың теңгеден, ал арпаның тоннасы 68-76 мың теңгеге сатылады.
Қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 50 мың тонна көлемінде арпа қорын жинауды жоспарлап отыр, сонымен қатар, құс фабрикаларының өтінімдері бойынша 4-ші сыныпты бидай қоры жинастырылады.
«Құс фабрикалары мен мал өсіретін кәсіпорындардан өтінімдер әлі де келіп түсуде, сол сұраныстың негізінде қажетті көлем анықталады», - деді Еркебұлан Ахметов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Субсидиясыз шағын фермерлердің бәсекеге қабілеттілігі шамалы болады
ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева Азық-түлік корпорациясы қорынан құс фабрикаларына жем мақсатындағы астықты сату алдағы уақытта жұмыртқа бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралардың бірі екенін атап айтты.
Сонымен қатар, жұмыртқа өндірушілер мен сауда желілері арасында бағаны ұстап тұру туралы келісімдер жасалады.
«Біз өндірісті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, сондықтан алдағы уақытта жұмыртқа бағасы өспейді деп айта аламыз», - деді Сәуле Молдабаева.