Айбын Төреханов: Қазақтың ақ бас сиыр тұқымына жоғалып кету қаупі төнуде
Соңғы жылдары асыл тұқымды ірі қара мал импортының көбеюі Қазақстандағы өсіріліп жатқан басқа тұқымдардың дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл туралы профессор, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Айбын Төрехановтың республикалық «Асыл Түлік» асыл тұқымды мал өсіру орталығы шығарған мақаласында айтылады.
«2010 жылы қабылданған «Сиыр етінің экспорттық мүмкіндігін дамыту» бағдарламасы аясында асыл тұқымның сапасы әлсіреп бара жатыр. Сыртқы түрі мен белгілері қазақтың ақбас тұқымына ұқсас герефорд ірі қара малдың импорты өскендіктен отандық тұқым жойылу қаупіне ұшырады. Сондықтан, бүгінгі таңда «Асыл түлік» қазақтың ақбас тұқымының бұқаларын сұрыптауда қиындықтарды бастан өткеруде. Бұл тұқым қазақстандық селекцияның мақтанышы болып табылады», - деді Айбын Төреханов.
Әлемде болып жатқан тәжірибелерге сүйене отырып, профессор кейбір тұқымдар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп, тұқымды сол қалпында сақтап қалатындығын айтты, ал кейбір тұқымдар сапасын өзгертіп, жоғалып кететіндігін атап өтті. Соңғы жүз жылда мамандандардың мал тұқымдарын өзгертуінен, тұқымдарды қалыптастыру процесінің нәтижесінде әлемде 450-ден астам мал тұқымы жоғалып кеткен.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ақылбек Күрішбаев: мал импортына $500 млн жұмсалды
Сондықтан «Асыл түлік» асыл тұқымды мал өсіру орталығының басты міндеті - республиканың шаруа қожалықтарының қажеттіліктерін өтеу, ең алдымен отандық асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз ету, мал басының өсімін молайту қызметін дамыта отырып, асыл тұқымды малмен қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ, Айбын Төреханов ветеринария тұрғысынан малды қолдан ұрықтандыру - бұл мал басын көбейтудің ең қауіпсіз тәсілі екенін баса айтты. Сондықтан, бүгінде Қазақстан Республикасында осы әдісті шаруа қожалықтарында қолданатындарға субсидия беріледі. Сонымен қатар, фермер кепілді түрде жақсы тұқымды бұзаулар алады, ал жақсы тұқым өзінің сапалы ет немесе сүтімен, пайдасы мол болып ерекшеленеді.
Профессордың пікірінше, бұрынғысынша басқару әдістері іс жүзінде пайда түсірмейді: бұл салаға қаншама қаражат берілуде және мал басы саны бірнеше жыл ішінде артып жатыр, алайда мал шаруашылығында түбегейлі өзгеріс байқалмауда. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің өсуі, негізінен мал санының көбеюімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мал санының өсуі инфрақұрылым мен мал шаруашылығын ұстауда шығындардың өсуіне әкеліп соғуда.
«Мал шаруашылығына жасалған талдау бойынша сиыр табынының өнімділігінің төмен болуының екі негізгі себебін анықталды. Біріншісі - белгілі бір нәтижеге бағытталған асыл тұқымды жұмыстардың жасалмауы. Екіншісі - мал азығын қамтамасыз ететін керекті жемшөп базасының болмауы», - дейді Айбын Төреханов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ғалымдар қазақи мал тұқымдарын сақтап қалуға тырысуда
Республикадағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі тежеуші факторы мал басының көбі шағын шаруашылықтарда ұсталуда деп айтты ол: ірі қара малдың 70% -дан астамы халықтың жеке шаруашылықтарында ұсталады. Сондықтан бүгінгі күні республикада орташа сүт өнімділігі жылына 2,7 мың тонна сүтті құрайды. Ал қалған 30% -ы ірі шаруа қожалықтарының меншігінде, яғни барлық асылдандыру жұмыстары соларда жасалады.
Бүгінгі таңда «Асыл түліктегі» асыл тұқымды малдардың тұқымдық қорында 6 млн-нан астам дозада ұрық сақтаулы, оның ішінде сүт, сүт-ет және ет бағытындағы бұқалардың ұрығы бар. Олар дұрыс және ұзақ мерзімге сақтау үшін сұйық азотта орналастырылады. Бұл жерде шетелдік және отандық мал тұқымдарының материалдары бар.
Орталық құрылғаннан бері республиканың жетекші шаруашылықтарынан 200-ден астам бұқа және Ресей, Украина, Германия, Канада, АҚШ-тан 15 белгілі сиыр тұқымдарының сүт, ет бағытындағы өндірушілерінен 150-ден астам бұқа ұрығы әкелінген. Ұрық қорын жаңарту және толықтыру үшін және қажетті генотипті бұқаларды алу үшін «тапсырыс бойынша шағылыстыру жасалады» және эмбриондарды салу жұмыстары жүргізілді.