Ветеринариялы-санитариялық сот сараптамасы Қазақстан Республикасында енгізілуі мүмкін
Nur Otan фракциясының мәжіліс депутаттары елдің премьер-министріне ветеринарлық қызметті реформалауға қатысты бірқатар ұсыныстар айтып жүгінді. Депутат Гүлнар Бижанова атап өткендей, елімізде ауыл шаруашылығы малдарынан адам өмірі үшін қауіпті инфекциялық аурулар кей кезде таралады. Сол себепті де ауру малдың еті халықтың дастарханына жетуі мүмкін. Осыған байланысты, мал өлімі фактілерін тергеуге мұқият қарау керек деген ұсыныс жасалды. Премьер-министр Асқар Мамин бұл мәселе бойынша депутаттарды қолдады.
«Әртүрлі малдар (ауыл шаруашылығы малдары, жабайы фауналар) өлген жағдайда сот-ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуі тиіс және осы қызмет түрі үшін субъектіні заңнамалық тұрғыдан жауапқа тарту мәселесі жүзеге асырылатын болады. Аталған іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған ветеринарлық қызметті дамыту мен нығайтудың кешенді шаралары туралы бағдарламада қарастырылатын болады», - деді сауалға жауап берген премьер-министр.
Сонымен қатар Асқар Мамин малдың құлағына ен салу процедурасын жергілікті атқарушы органдарға беру туралы ұсынысқа түсініктеме берді. Премьер-министр атап өткендей, бұл мәселені жауапты мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе талқылау қажет.
«Қабылданған шешімнің нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы заңнамалық актіге тиісті түзетулер енгізіледі. «Ветеринария туралы» заңға сәйкес ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлеріне жеке номер келесі тәсіл бойынша беруге рұқсат етіледі: электронды сәйкестендіру әдісі (радиожиілік белгісі бар тегтер, болюстер, чиптер), таңбалау, бренд. Аталған бағдарлама аясында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру мәселесі «фермадан дастарханға дейін» интеграцияланған қадағалау жүйесі құрылады, бұл мәселелер 2022-2026 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың ұлттық жобасында жазылған «Ветеринария саласындағы цифрландыру» блогына енгізілген», - деді премьер-министр.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да «Ауыл – Ел Бесігі» жобасына ветпункттерді салу мәселесін енгізу ұсынылды
Сонымен бірге, ол елді мекендерде стандартты ветеринарлық пункттер салу мақсатында қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті талаптарды дайындап жатқанын айтты. Сондай ақ, қанша ветеринариялық пунктің керек екендігі анықталатын болады, қаржылық қолдау мәселелері аймақтарды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін тиісті түзетулер жасау жағдайы қарастырылатын болады. Сонымен қатар «Ауыл - ел бесігі» жобасының аясында ветпункттерді салу мүмкіндігі талқыланады.