Маңғыстау және Қызылорда облыстарына арзандатылған арпа жеткізіледі
Республикадағы құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарының малшыларына көмек ретінде Азық-түлік корпорациясы резервінен төмендетілген бағамен жем-шөп жіберіледі. Атап айтқанда, «Каспий» ӘКК келісімдері бойынша Ұлттық компания Маңғыстаудың шалғай аудандарына 546,304 тонна арзандатылған арпа жіберуде. Бұл туралы Азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«13 шілдедегі мәлімет бойынша азық-түлік корпорациясы 9 вагонға арпа тиеуге кірісті. Елді мекендердегі мал шаруашылықтарына таратуға және олардың қабылдауына қолайлы болу үшін арпа 45-50 кг қаптарға салынады. Аталған жұмыс «Астық қоймалары №1 нан базасы» ЖШС-ның Ақ-көл станциясында астық қабылдау кәсіпорнында тәулік бойы жасалуда» - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Компания төтенше жағдайда фермерлік шаруашылықтарға жем таратуда, ол нарықтық бағадан 20% төмен құнмен берілетінін атап өтті. Маусым айында азық-түлік келісім шарт корпорациясы облыстың құрғақшылықтан зардап шеккен екі вагонына жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына арпа жіберу одан әрі жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында құрғақшылықтың салдарынан 1147 бас мал, Қызылорда облысының Арал ауданында 492 бас мал қырылды. Бұдан басқа, жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы малдарының жейтін жем-шөбін табу қиындай түсті. Сарапшылардың пікірінше, олардың жетіспеушілігі мен құнының жоғары болуы күзде фермерлердің малды жаппай сата бастауына әкелуі мүмкін.
Мал азығымен байланысты жағдай ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың отставкаға кетуіне себеп болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қазақстаннан мал азығын шығаруға уақытша тыйым салуды тапсырды.