Ақтөбе облысында мал шаруашылығы 10,7 млрд теңгеге субсидияланады
Ақтөбе облысы әкімінің қаулысымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, Ақтөбе облысы бойынша мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдері бекітілді. Бұл туралы ElDala.kz ҚР нормативтік құқықтық актілер банкінде жарияланған қаулыға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2022 жылға 10,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде 1,2 млрд теңгеден астам қаражат фермерлерге субсидия бойынша қарыздарды төлеуге бөлінді.
Атап айтқанда, 2022 жылға етті және етті-сүтті мал шаруашылығына 4,4 млрд теңгеден астам, сүтті және сүтті – етті мал шаруашылығына 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығына 16,1 млн теңге субсидия бөлінген.
Қой шаруашылығына 573,5 млн теңге, жылқы шаруашылығына 19,6 млн теңге қарастырылған.
Бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен 3,382 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған.
Тақырып бойынша оқу: Қостанайда мал шаруашылығы 7,5 млрд теңгеге субсидияланады
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АӨК мемлекеттік қолдау жүйесін ағымдағы жылы өзгертпеу туралы шешім қабылданды.