Қазақстанға ірі қара мал импорттаушы ТОП-25
2019 жылы Қазақстанға 52 895 асыл тұқымды ірі қара мал (сүт, сүт-ет және ет өнімділік бағытындағы) әкелінген болатын. «КазАгро» холдингі құрылымдарының несиелері, «Даму» қоры, ауылдық несиелік серіктестіктер, сондай-ақ фермерлердің жеке қаражаты қаржыландыру көздері болып табылды.
Импортталған ірі қара мал санындағы құнажындар 38 399, төлдемеген қашарлар – 14 362, бұқалар – 134 бас құрады. Мұндағы импортталған бұқалардың көп бөлігі, 100 бас тек бір тұқымға – герефордқа жатады.
Импортталған малдың басым бөлігі ет бағытындағы тұқым – 39 306 бас. Алты түрлі тұқым болды. Олардың ішінде көшбасшылықты ангустер иеленеді – 12 511 бас. Одан кейін герефордтар – 10 843 бас. Үшінші орында қазақтың ақбас тұқымы – 8 026 бас. Төртінші позицияда қалмақ малы – 7 644 бас. Бесіншіде – шароле, 260 бас. Алтыншы орында – лимузин, 22 бас.
Ет және сүт бағытындағы 9 800 бас ірі қара мал әкелінді. Бұлар екі: симменталь (9 661 бас) және швейцариялық (139 бас) тұқымынан болды.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан сиыр етін экспорттаушы ТОП-15
Сүт бағытындағы 3 789 бас ірі қара мал әкелінді. Үш тұқым болды. Ең үлкен үлес голштиндерге тиесілі – 3 191 бас. Артынан ақ-қара түсті тұқым – 414 бас. Тізімнің соңында қызыл ала сиырлар – 184.
Экспорттаушы елдер бойынша Ресей бірінші орында – 26 661 (50,4%). Екінші орында Австралия тұр – 9 146 (17,3%). Чехия үшінші орында – 5 042 (9,5%). Төртінші орында АҚШ – 3 799 (7,2%). Бесінші орында Австрия – 1 697 (3,2%). Сондай-ақ малдың шыққан елдері қатарында Германия, Нидерланды, Ирландия, Словакия, Беларуссия, Украина, Литва, Эстония, Латвия, Словения бар.
Қазақстанға ірі қара мал импорттаушы ТОП-25
- «АкТеп» ЖШС (Ақтөбе облысы) – 4068 (2271 герефорд, 1797 ангус)
- «AiZetFarms» ЖШС (Ақмола облысы) – 3554 ангус
- «Dinara-Ranch» ЖШС (Алматы облысы) – 3363 (667 голштин, 1339 герефорд, 1357 ангус)
- «Мойынқұм АГРО» ЖШС (Жамбыл облысы) – 2736 (2626 қалмақ тұқымы, 110 қазақтың ақ басы)
- «КазМясо» ЖШС (Алматы облысы) – 1501 ангус
- «Асыл тұяқ» ЖШС (Алматы облысы) – 1181 қалмақ тұқымы
- «Алтын жұлдыз TEXTILE» ЖШС (Алматы облысы) – 970 ангус
- «Агрофирма Түрікпен» ЖШС (Жамбыл облысы) – 800 қалмақ тұқымы
- «Жолдасбай агро» ФШ (Солтүстік Қазақстан облысы) – 780 ангус
- «SC Food» ЖШС (Ақмола облысы) – 760 герефорд
- «Мұса» ШҚ (Ақтөбе облысы) – 700 қалмақ тұқымы
- «Астық PV» ЖШС (Павлодар облысы) – 691 симментал
- «Ақсүт LLS» ЖШС (Алматы облысы) – 600 голштин
- «Зенченко и К» ШС (Солтүстік Қазақстан облысы) – 597 голштин
- «Шаймерденов Б.А.» ШШ (Солтүстік Қазақстан облысы) – 581 симментал
- «Петерфельд-Агро» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) – 512 симментал
- «Құмқұдық» ЖШС (Ақтөбе облысы) – 496 ангус
- «Қазына жер LTD» ЖШС (Түркістан) – 490 голштин
- «Галицкое» ЖШС (Павлодар облысы) – 400 симментал
- «Agro Eхрo LTD» ЖШС (Ақмола облысы) – 389 (320 герефорд, 69 симментал)
- «Жақсимбетов» ЖК (Батыс Қазақстаноблысы) – 303 ангус
- «РЗА» АҚ (Кызылординская облысы) – 300 қалмақ тұқымы
- «Ықыбай» ШШ (Шығыс Қазақстан облысы) – 300 қазақтың ақ басы
- «Наурыз» ШШ (Қызылорда облысы) – 280 ангус
- «Компания Тау Самал» ЖШС (Алматы облысы) – 240 голштин