2020 жылы ірі қара мал импорттаған10-ТОП

2020 жылдың алғашқы 7 айында (қаңтардан шілдеге дейін) Қазақстанға 7728 бас ірі қара мал әкелінді.

Негізінен  5154 бас мал тұқымы импортталды. Ең көп алып келінген мал қалмақ тұқымы болды (2258 бас), себебі бұл малды азықтандыру мен ұстау оңай, сондай-ақ қатал ауа райына жақсы және тез бейімделеді.

Мал өсірушілердің қызығушылығы бойынша екінші орында қазақтың ақбас малы (1 264 бас) тұр. Одан кейін герефордтар (878), ангус (601), шароле (153) келеді.

Сүт бағытында 1 390 бас ірі қара әкелінді. Бұл голштино-фриз (1 225) және Гольштейн (165).

Ет және сүт бағытындағы ірі қара малдан 1 184 бас әкелінді. Бұл симментал (1 024) және швейцариялық ірі қара сиырлар (165).

Сырттан әкелінген малдың басым бөлігі - сиырлар – 4 138 бас, құнажындар – 3 083, бұқалар - 507. Оның үстіне 500 бұқа қалмақ тұқымынан, тағы 7-еуі симментал тұқымынан болды.

Тақырып бойынша оқу: «Фермадағы» ет жайлы қауіпті аңыздар

Негізінен малдың басым бөлігі Ресейден әкелінді, 4 338 сиыр (55,8%) жеткізілді, екінші орында Германия (909), үшінші орында Австрия (562) болды. Сонымен қатар мал экспорттаушылар Беларусь, Эстония, Украина, Нидерланды, Словакия, Литва, Солтүстік Ирландия, Венгрия, Австралия болды.

Шетелден мал импорттаған өңірлер тізбегі:

Мал импорттаудан бірінші орында «Агрофирма Түрікпен» ЖШС (Жамбыл облысы) –  1042 бас қалмақ тұқымын әкелді.

Екінші орында «КХ Пахарь» ЖШС (Павлодар облысы) – 532 бас голштино-фриз.

Үшінші орында  «Асем Жетісу» ЖШС (Алматы облысы) 500 бас  қалмақ тұқымын әкелді.

Сергей Буянов

2020 жылы ірі қара мал импорттаған10-ТОП

Атауы
Сиыр саны бойынша
1
«Агрофирма Түрікпен» ЖШС
«Агрофирма Түрікпен» ЖШС
1042
Сиыр саны бойынша: 1042

«Агрофирма Түрікпен» асыл тұқымды мал өсірумен және сатумен айналысады.

Компанияның өсіретін мал тұқымдары:

  • Қалмақ;
  • Қазақтың ақ бас сиыры;
  • Герефорд;
  • Әулиекөл.

2020 жылы 1042 бас қалмақ тұқымын әкелді.

2
Пахарь ШҚ
Пахарь ШҚ
532
Сиыр саны бойынша: 532

«Пахарь» Шаруа қожалығы -майлы дақылдарды және олардың тұқымдарын өсірумен, сондай-ақ ірі қара мал тұқымын өсірумен айналысады.

2020 жылы голштейн-фриз тұқымының 532 бас импортын әкелді

3
«Асем Жетісу» ЖШС
«Асем Жетісу» ЖШС
500
Сиыр саны бойынша: 500

«Асем Жетісу» аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.

2020 жылы 500 бас қалмақ сиырының тұқымын әкелді.

4
 «ПЗ Алматы» АӨК
«ПЗ Алматы» АӨК
495
Сиыр саны бойынша: 495

«Племзавод Алматы» майлы дақылдар мен олардың тұқымдарын өсірумен, сүтті ірі қара, қой-ешкі өсірумен айналысады.

2020 жылы голштейн-фриз тұқымының 495 малын әкелді.

5
«Асыл тұяқ» ЖШС
«Асыл тұяқ» ЖШС
443
Сиыр саны бойынша: 443

«Асыл тұяқ» ауыл шаруашылық техникаларын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді сатумен айналысады.

2020 жылы 443 бас қалмақ тұқымын әкелді.

6
«Сисенгалиев Р. А.» ШҚ
«Сисенгалиев Р. А.» ШҚ
332
Сиыр саны бойынша: 332

«Сисенгалиев Р.А.» шаруа қожалығы мал өсірумен айналысады.

2020 жылы 332 ангус малдарды импорттады.

7
«Жаке» ШҚ
«Жаке» ШҚ
300
Сиыр саны бойынша: 300

«Жаке» шаруа қожалығы ірі қара малдың ет  бағытындағы тұқымын өсірумен, дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды өсірумен, оның ішінде тұқым шаруашылығымен, жем-шөп дақылдары мен олардың тұқымдарын өсірумен айналысады.

2020 жылы 300 герефорд сиырларды әкелді.

8
«Иван Зенченко» ЖШС
«Иван Зенченко» ЖШС
224
Сиыр саны бойынша: 224

«Иван Зенченко» майлы дақылдар мен олардың тұқымдарын өсірумен, консервілеуден басқа, сүтті қайта өңдеумен, ірімшік өндірумен айналысады.

2020 жылы 224 бас симменталь тұқымын әкелді.

9
«Заградовское» ЖШС
«Заградовское» ЖШС
221
Сиыр саны бойынша: 221

«Заградовское» ЖШС - дәнді және майлы дақылдарды өсіретін, сүт бағытындағы мал өсіретін ауылшаруашылық кәсіпорны.

2020 жылы 221 симменталь ірі қара малдарды импорттап алды.

10
 «Жақсымбетов ЖК
«Жақсымбетов ЖК
190
Сиыр саны бойынша: 190

«Жақсымбетов ЖК - мал шаруашылығымен айналысады.

2020 жылы 190 ангус және герефорд тұқымды сиырларды әкелді.