Арпа өндіруші көшбасшы 15 ел

Әлемдік нарықта дәнді дақылдардың негізгі түрлерінің бірі арпа болып саналады. Ең көп өсірілетін дәнді дақылдар арасында арпа өнімі жүгері, күріш және бидайдан кейінгі төртінші орынға ие. Оның өндірісі жылына 132 млн теңгені құрайды. Әлемде  арпа өсіру 1961-1979 жылдар аралығында екі есе өсті, 1991 жылы өзінің шыңына жетіп, 170 млн теңгені құрады.

Арпа-бұл уыт дайындау үшін ең көп таралған  өнім. Одан сыра, виски, квас жасайды. Алайда, арпа ауыл шаруашылығында кеңінен қолданды. Одан жануарлар мен құстар үшін жем дайындайды. Бұл өнімде ақуыз  мол болғандықтан, ол өте қажет өнім болып саналады.

USDA болжамына сәйкес, 1994/95 жылдардан бері есептегенде  арпа өндірудің ең жоғарғы кезеңі 2019/20 жылдар болып табылады.

Еуропада арпа дәнінің негізгі өндірушілері  Франция, Германия, Австрия, Испания және Ұлыбритания болып табылады. ТМД елдерінде негізгі арпа өндіретін елдер Ресей мен Украинада болып саналады. Ал Солтүстік Америкадағы егіс алқаптарындағы арпаның  негізгі үлесі Канадаға тиесілі.

Негізгі арпа өндіруш елдердің  тізімі ұзақ уақыт өзгеріссіз қалады деген болжам бар.

Атауы
1
Еуропалық Одақ
Еуропалық Одақ
55947
: 55947

Арпа өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы елдердің көшбасшысы  Еуропалық Одақ болып табылады. Ол биылғы жылы арпаның жалпы мөлшерін  60,3 млн тоннаға дейін жеткізе алады, бұл алдыңғы маусымдағыға қарағанда 8% артық (абсолютті түрде +4,5 млн. тонна) .

Еуропалық Одақ аясында арпа өсіретін ең үлкен егістік Испанияда орналасқан және 2,7 млн. га құрайды.

ЕО тарапынан арпа экспортының ең көп өсуі 2019/20 жылдар (+0,8 млн. тонна ол  2018/19 жылдармен салыстырғанда + 17%) болады деп күтілуде.

Арпаны жеткізіп сатушы елдердің күшін бағалауға келетін болсақ, ЕО  үшін арпа экспортының үлесі сәйкесінше отандық өнімнің 10% - және 30% -дан аспайды.

2
Ресей
Ресей
16737
: 16737

Ресейде арпаның орташа өнімі 2019 жылы  24,0 ц / га алқаптан жиналған өнімді құрайды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11,1% (2,4 ц / га) артық. Соның ішінде 2019 жылы қысқы арпаның өнімділігі 41,4 ц / га, көктемде - 22,6 ц / га құрады.

5 жыл ішінде (2014 жылға дейін) арпаның өнімділігі 5,7% (1,3 ц / га), 10 жылда - 3,9% (0,9 ц / га) өсті. 2001 жылмен салыстырғанда ол 19,4% өсті (3,9 ц / га).

Орташа жылдық көрсеткіштерді сараптау барысында  ұзақ уақыт ішінде климаттық факторлардың әсерін болдырмауға және Ресейдегі арпа өнімділігінің өзгеруіне алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға болатындығы  анықталды.

Ресейде арпаның орташа жылдық өнімі 2001-2010 жылдары 19,8 ц / га құрады, 2010-2019 жылдары - 21,4 ц / га дейін өсті.

3
Канада
Канада
8380
: 8380

Agriculture and Agri-Food Canada бақылаушыларының пікірінше, Канадалық фермерлер осы дақылға бағаның өсуіне және жыл басында қордың аз болуына байланысты  2019-2020 жылдары арпа егістігін кеңейтетін болады.

Егіс алқаптарының өсуіне және орташа өнімділікке байланысты өндіріс көлемі 8,9 млн.тонна (+ 6%) деңгейінде болады деп күтілуде.

Жыл басында қордың аз болғанына қарамастан, елдегі арпаның жалпы қоры 3 пайызға артып, 10 миллион тоннаға жетуі керек дейді сарапшылар.

Канадада осы дақылды тұтынудың  көбеюі жемдік арпаға деген сұраныстың артуын 2% -ға өсіруі  мүмкін.

Еліміздегі арпа қорының өсуіне байланысты экспорт аздап артуы мүмкін, дейді сарапшылар, соңғы бес жылдағы орташа деңгейге жетпесе де, арпа қоры жыл соңына дейін өседі деп күтілуде (+ 10% -дан 1,3 млн тоннаға дейін).

 
4
Австралия
Австралия
8310
: 8310

Австралиядағы ең тұзды жерге  төзімді астық арпа болып табылады: селекционерлер тұздануға сезімталдықтың айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізді, сондықтан көптеген сорттарды тұздалған топырақта өнімді аздап  өсіреді. Австралия әлемдегі арпаның ірі экспорттаушысы болып табылады.

5
Украина
Украина
7604
: 7604

Украинада арпа-жүгері мен бидайдан кейін үшінші орында тұрған басты дақылдардың бірі. Украинадағы жаздық арпаның орташа өнімі шамамен 2,5-2,8 т / га құрайды. Бірақ өте жақсы баптап күтім жасаса, жаздық арпаның өнімі жыл сайын 6,5-8,0 т/га болуы мүмкін. Украинада  жаздық арпаның өнімділігі 7-8 т/га болуы мүмкін.

Арпаны ішкі тұтыну мөлшері 3,9 млн тоннаны құрайтындықтан, өнімнің жартысынан астамы экспортқа шығады, яғни - 5,3 млн. тонна.

Экспорттың мұндай көлемі 2009/2010 жылдардан бері рекордтық болып саналады, ол кезде Украина 6,23 млн. т. экспорттады.

Украина жыл сайын 4-тен 5,5 млн.тоннаға дейін арпа экспортын шығара алады, осыған байланысты  бұл ел арпаны экспорттаушылардың ТОП-3-тігіне енетіні сөзсіз, яғни нарықта жоғары үлеске ие болып, тиімді сауда стратегияларын құру мүмкіндігі бар.

6
Түркия
Түркия
7000
: 7000

Түркияда бидайдан кейін екінші орындағы маңызды астық дақылы арпа болып табылады.

Түркия MENA елдері арасында арпа өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Елдегі қолайлы ауа райы егіс алқаптарын жылына 5% – ға -3,8 млн га-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.

MENA елдерінде арпаны ішкі тұтынудың жылдық көрсеткіштеріне байланысты, 2019/20 жылдары арпа өнімінің өсуі Түркияда 8% - ға артады деп күтілуде. Ал Түркияға 2019/20 жылдары астық импорты 66% – ға-100 мың тоннаға дейін қысқаруы мүмкін.

7
Аргентина
Аргентина
5060
: 5060

Аргентина - тез дамып келе жатқан аграрлы-индустриалдық мемлекет.

Тамақ өнімдерін өндіру елдегі- бұрыннан келе жатқан  экономиканың басты салаларының бірі (ЖІӨ-нің 8-9% - ы).Ол Латын Америкасы елдері арасында жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Аргентина  азық-түлікке деген өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатын елдің бірі. Ол -алдыңғы қатарлы  ауыл шаруашылығын экспорттаушылардың бірі болып табылады. Әсіресе, елде дәнді және майлы дақылдар өндірісі дамыған және экспорттаудан көшбасшы болып саналады.

8
Қазақстан
Қазақстан
3971
: 3971

Қазақстанда көкөніс және бақша дақылдарын  өсіруді дұрыс деп санайды. Бұған  қарамастан, 2019 жылы облыстардағы егіс алқаптыры ұлғайтылды.

«Биылғы  маусымда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары туралы ресми деректер бойынша 2019/20 жылдары дәнді дақылдарға деген сұраныс және  ұсыныстардың болжамы шілде айында түзетуге себепші болды. Біздің бағалауымызша, ағымдағы жылдары аталған дақылдың жалпы мөлшері -4,7 млн.т жетіп, 2018/19 жылдармен салыстырғанда  арпа өндірісінен 17% — ға артық болады»,-деп түсіндірді АӨК сарапшысы- Наталья Гаврук.

Сондай-ақ, сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстан 2019/20 жылдары  сыртқы нарыққа 2,2 млн.т арпа тией  алады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20% - ға артық.

2018 жылы жиналған қазақстандық арпа өнімі соңғы 24 жылда ең  көп  мөлшер болып табылады. Өндіріс көлемінің 4 млн тоннаға дейін артуына байланысты (ҚР Статкомитетінің мәліметтері) осы астық дақылына  деген сұраныс өсуде.

9
Иран
Иран
2800
: 2800

MENA елдері арасында арпа өндірісінің көлемі бойынша екінші орында Иран орналасқан. Онда 2018/19 жылдары  дақылдың түсімі өткен маусымның деңгейінде — 3,1 млн.т. көлемінде қалып отыр. Себебі егіс алқаптары кеңейтілмеді және  өнім мөлшері тұрақты болмады. Иран-нарықта 93 % үлесі бар арпаның ірі импорттаушысы  болып табылады.

Сонымен қатар бұл елге арпаны рекордтық экспорттау жалғасуда,  ол-1,4 млн. тоннаны құрайды. Өз кезегінде, биылғы маусымда Иранға арпа жеткізілу жалғасатын болады. Мемлекет  өнім сатып алу бойынша әлемде үшінші орын алады — 3,32 млн т. құрайды, ал 2017/18 жылдары 3,2 млн т. болған. Бұла астық импортының артуы елдің азық өнеркәсібінің дамуымен байланысты.

10
Эфиопия
Эфиопия
2200
: 2200

Нигериядан кейінгі халық саны бойынша Африкадағы көш бастап келе жатқан елдердің бірі-Эфиопия болып саналады. Ол-Африка материгіндегі экономикалық және өнеркәсіптік дамыған елдердің біріне айналуда. Эфиопия экономикасы -әлемдегі  ең тез дамып келе  жатқан экономикалардың бірі. 2018 жылы ХВҚ Эфиопияны Африканың ең жылдам дамып келе жатқан экономикасы бар ел  деп атайды.

Ел Үкіметі 2025 жылға қарай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын дамытуға көмектесуде бірқатар стратегиялар мен бағдарламалар әзірледі.  Эфиопияда ауыл шаруашылығы үшін жарамды жерлердің 70% - дан астамы өңделмеген болып табылады.

Эфиопияда арпа маңызды орын алмайды, өйткені дәнді дақылдардың арасында негізгі орынды тэф алады. Оның үлесіне барлық егіс алқабының 30% - ы тиесілі.

11
Алжир
Алжир
1950
: 1950

Алжир-аграрлы-индустриялық саласы жақсы дамымаған мұнай экспорттаушы мемлекет.

Алжир экономикасы негізінен көмірсу шикізатын өндіруге негізделген. Сондықтан да үкімет ауыл шаруашылығына қатты көңіл бөлмейді. Өңделетін жердің көп бөлігін алып жатқан күздік дәнді дақылдар негізінен ел ішінде тұтынуға арналған. Мұнда  ең алдымен бидай, арпа және сұлы егіледі. Сонымен қатар, Алжир бұрыннан бері дәнді дақылдарды оның ішінде арпаны да импортқа шығарушы ірі елдердің қатарына кіреді.

12
Үндістан
Үндістан
1781
: 1781

Үндістан-әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық державаларының бірі.

 Үндістан жыртылған жерлердің көлемі бойынша әлемде бірінші орын алады (шамамен 160 млн га).

Үндістандағы негізгі дәнді дақыл күріш (жылдық өнім, орташа есеппен — 100 млн.т.) және бидай (80 – 90 млн. т.) болып табылады. Соңғы онжылдықта Үндістандағы дәнді дақылдардың егіс алқаптары іс жүзінде өзгеріссіз қалуда, ал кейбір дақылдардың мөлшері  (сұлы, арпа және т.б.) - азаюда. Бұл ретте, жалпы өндіріс көлемі өнімділікті арттыру есебінен өсуде.

Үндістан ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарықта айтарлықтай  үлес  салмағы бар. Атап айтқанда, оның үлесіне аграрлық сектор өнімдерінің әлемдік саудасының шамамен 2,2% - ы тиесілі.

13
Белоруссия
Белоруссия
944
: 944

Белоруссия-орташа  дамыған индустриалды-аграрлық мемлекет.

Белоруссияның өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар басым орын алады, олардың арасында арпа көп мөлшерде отырғызылады.

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар (2016 жылы 2385 мың га) егілген алқаптардың құрылымында бидай (714 мың га), тритикале (501 мың га) және арпа (455 мың га) егілген. Егілетін қара бидай (98 %), бидай (70% — дан артық) және тритикале (94%) - күздік, ал арпаның тек қана жаздық түрі егіледі(98%).

14
Ирак
Ирак
780
: 780

Елдегі егіншілік үшін жарамды алаңдар елде шамамен 5450 мың га жерді алып жатыр немесе оның барлық аумағының 1/8 құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан  негізінен бидай мен арпа отырғызылады, олар  солтүстік аудандарда егістік алқаптардың жартысына жуық жерге егіледі.

Ирактың мемлекеттік экономикасының басым бөлігі мұнай секторына бағынады, ол мемлекет  кірісінің 90% - дан астамын және валюталық түсімдердің 80% - ын қамтамасыз етеді.

15
Сирия
Сирия
400
: 400

Сирияның өсімдік шаруашылығындағы өнімнің ең көп таралған түрі-дәнді дақылдар. Соның ішінде көптеген алқаптарға бидай отырғызылған. Елдің астық саласында маңыздылығы бойынша арпа дақылдары болып табылады. Оның негізгі өсірілетін белгілі бір аудандары бар. Тіпті бидай алқаптарынан да  асып түседі.

Айта кету керек, арпа ежелден  өсіріледі. Сирияда ежелгі неолитикалық дәуір кезінде арпа отырғызылған белгілі болған.