Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
«Жасыл» астық елімізде егін орағына тежеу болып тұр
Қарағанды облысында егін орағы басталғалы қашан. Әйтсе де астықтың біркелкі піспеуінен аймақтағы егін орағы әркелкі жүруде. Ауыл шаруашылық министрлігінің шұғыл мәліметіне сәйкес, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде дәнді дақылдар ауданының 69 пайызы (896,1 мың гектардан 590,1) бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 10,1 центнерді құрап, 594 мың тонна астық алынған. Ауа-райының жайлылығын пайдаланып шаруалардың бірі астығын жинап болып, мәреге жақындаса, енді біреулерінің егін жинау жұмыстары енді қарқын алуда.
Биылғы жылдың көктемі жақсы басталып, фермерлер қауымына мол өнім алу үмітін сыйлап еді. Қыста қалың қардың түсуіне байланысты көктемгі топырақ қабаты ылғалға қаныққанымен, жаз шыға жоғары температура егістік алқаптарын құрғата бастады. Нәтижесінде дән себу кезінде жер жеткілікті ылғалданбаған болып шықты. Бұл құрғақ топыраққа қонған астықтың пісіп жетілуін кешеуілдетті. Одан өзге, ылғал сақталған топырақтағы тұқым бірден өскін берсе, ал топырағы құрғақ жердегі өскіндер маусымның соңында, нөсерден кейін шыға бастады. Егін орағының барысын ұстап тұрған да нақ осы алқапта жап-жасыл болып тұрған астық.
Ағымдағы жылы А. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының жалпы егіс алқабы (элитадық тұқым шаруашылығы) 12,1 мың гектарды құрады, оның ішінде бидай – 9823 га, арпа – 1518 га, сұлы – 459 га, көпжылдық шөптер – 200 га; суармалы жерлерде картоп – 100 га, көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша) – 5,4 га.
Алайда 8 қыркүйектегі жағдай бойынша тек 2177 гектар астық бастырылып, орташа өнімділігі гектарына 11,8 центнер болатын 2575 тонна астық алынды.
Тақырып бойынша оқыңыз: Жаңадан жиналған астықтың сапасы былтырғы жылдан нашар
Мұның бәрі Қарағанды АШТС бірнеше онжылдықтар бойы жұмыс істеп келе жатқан Орталық ауылдық округінде орын алып отыр. Одан өзге биылғы маусымда станция көршілесҮміткер ауылдық округінде тыңайған жерді көтеруге кірісті. Онда 2100 гектар алқаптың 1700 гектарында бидай және 400 гектарында арпа егілді. Ол жерде өнім жинау әлі басталған жоқ.
«Жасыл» астықтың пісіп жетілуіне мүмкіндік беру үшін жиналатын алқаптың 60 пайызы үймеленді. Тікелей орып жинау мүмкін болмады.
- Биыл мол өнімге қол жеткізгіміз келді, әр гектардан 15 центнерден аламыз деген үмітте болдық, - деп ҚарАШТС директоры Бауыржан Қалымов ағынан жарылды. – Маусымға жақсылап дайындалдық: күзде топырақты сүдігерлік өңдедік, 4500 гектарда қар тоқтату жұмыстарын, көктемде күнделікті өңдеу жұмыстарын жүргізіп, егіс алқабында химиялық отауды аяқтадық, барлығы 1000 гектар егістік жерлерді қосымша тыңайтқыштармен қоректендірдік. Аграрлық технологиялардың барлығы боса болмаса өте қатаң сақталды, ғалымдарымыздың жарты ғасырлық бақылауларының нәтижесінде белгіленген оңтайлы мерзімде сеуіп үлгердік. Бидай себу 15 мамырда басталып, 25-де аяқталды. Жемдік дақылдарды себуді 28 мамырда аяқтадық.
Суретте: Бауыржан Қалымов, А. Христенко атындағы ҚарАШТС директоры
Мамыр, маусым айларындағы жоғары температура мен жаңбырдың тамбауы фермерлердің діңкесін құртты. ҚарАШТС алқаптарында екі ай қатарынан, сәуірдің соңынан маусымның 20-на дейін жауын-шашын болмады. Дән себу мерзімінің сақталуы оң әсер беріп, егістіктер ылғалды көп қажет ету сатысында құрғақшылыққа түспегенімен, мол өнімге қол жеткізбедік.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан тұқымсыз қалу қаупі алдында тұр
ҚарАШТС қазіргі гектарына 11,8 центнер астық түсімінің соңғы көрсеткіш еместігіне сенім артады. Әзірше ең «нашар» алқаптар бастырылды. Ауа-райы мұрша берген жағдайда жақсы алқаптар есебінен жақсы көрсеткішке қол жеткізуге болады.
- Қыркүйек айы жылы болса, Орталық ауылдық округтегі науқанды 25 қыркүйекке қарай, ал Үміткердегі науқанды айдың аяғында аяқтап қалармыз. Ауа-райының сенімді ұзақ мерзімді болжамы жоқ. Біреулер жылы әрі құрғақ болады десе, енді біреулері 20-на қарай күннің суытатынын айтуда, - деп отыр Бауыржан Қалымов.
Шаруалар тек жақсылыққа үміттене алады және әр жақсы күнді тиімді пайдалану үшін белсенді жұмыс істейді. Екі ауысымдағы жұмысқа 37 бірліктегі техника – 17 астық жинайтын комбайн, екі картоп жинайтын комбайн және автокөлік тартылған.
Айтпақшы, ҚарАШТС Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген несиелеу шарттарында жаңбырлатқыш қондырғылары бар екі шыңжырлы трактор, екі МТЗ трактор, тіркемесі бар КамАЗ, екі ГАЗ жүк көлігі, трактор-экскаватор және басқа да жабдықтар сатып алған болатын. Одан басқа өздерінің қаражаты есебінен бригадалар мен ғалымдарға арнап үш жеңіл көлік, орамбаспақ, төрт бірліктегі ауыл шаруашылық құралдарын сатып алды. Сонымен қатар «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ құрылымдық бөлімшелерін жарғылық капиталын толықтыру бағдарламасы бойынша мемлекет қаражаты есебінен алты «Vector-410» комбайны, 10 трактор (бес «Кировец», бес «Бюллер»), сондай-ақ тұқым тазарту кешені, селекциялық комбайн және ғылыми жұмыстарға арналған жабдықтар сатып алынды.
Суармалы жерлерде егін жинау қызу қарқында, әр гектардан орташа есеппен 283 центнер картоп жиналып, былтырғымен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш көрсетті. Сөйтіп, 16,5 гектардан 467 тонна картоп алынды.
Қарағанды облысында биылғы маусымның тағы бір түйткілі – көпжылдық шөптесін өсімдіктердің нашар өнімі. Фермерлердің көбі қыстық шөп қорын жинай алмай отыр. Осыған байланысты олар қыстан шығу үшін сабан бастыруда.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстанда астық жоспарланған мөлшерден 0,5 миллион тоннаға аз
Алайда ҚарАШТС ғалымдардың кеңесіне құлақ түріп, жыл сайын тек қана еркекшөпке сенім артпай, азықтық жемді әртараптандырудың арқасында жағдайдан абыроймен шығып отыр.
- Биыл әбүйір болғанда көктемде 200 гектарға сепкен шөп қоспасы жаңбыр жауғаннан кейін гектарына 10 центнерден астам өнім берді. Соның арқасында өз жұмыскерлеріміз бен Орталық ауылының тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз еттік. Осындай шөптің бағасы қымбаттаған кезде, ең алдымен өз адамдарымызды қолдау біз үшін маңызды болды, - деп Бауыржан Қалымов жағдайды түсіндірді.
Сергей Буянов, сурет пен бейне түсірілім автордікі.