Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Агробанк құрудың қажеті жоқ дейді
Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстандық фермерлердің көпшілігіне несие берілмеуі аталған саладағы еңбек өнімділігінің өсуіне басты кедергі болуда. Атап айтқанда, RFCA ratings бағалауына сәйкес соңғы жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Қазақстанның ауылшаруашылық өндірушілерінің меншікті капиталының үлесі 70% -дан асады.
Осы аптаның ішінде ElDala.kz журналистрі сала мамандарын сұхбаттасуға шақыра отырып, аталған мәселені әр түрлі қырынан талқылап көрсетуге тырысты.
Біз аталған ведомства қызметкерлеріне сұрақтар қойдық, берілген жауаптар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландырудағы қазіргі жағдайды нақты сипаттауға мүмкіндік берді.
ElDala.kz: Статистикалық мәліметтерге қарасақ, агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру жылдан-жылға азайып келе жатқанын көрсетеді. Мұның себебі не, деп ойлайсыздар?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Ауыл шаруашылығында екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) ірі және орта заңды тұлғалармен (ауылшаруашылық кәсіпорындар) жұмыс істеуді жөн көреді, несиелердің шамамен 46% шетел валютасымен беріледі. ЕДБ несиелік портфеліндегі шаруалар мен шаруа қожалықтарының үлесі 3% -дан аз. Саладағы банк несиелерінің шамамен 60% -ы қысқа мерзімді қарыздар болып саналады (1 жылдан төмен уақыт), бұл ЕДБ-нің агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі капиталға инвестициялар берудегі рөлінің төмендігін көрсетеді.
2015 жылға дейін екінші деңгейлі банктердің ауылшаруашылық несиелендіру көлемі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - холдинг) берген несие көлемінен 2 - 4 есе асып түсті. Жылдық банктік қарыздар көлеміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылы 7,8% -ға, 2019 жылы 0,9% -ға дейін төмендеді.
Ауыл шаруашылығына несие берудің төмендеуіне ақшалардың қайтарылмайтындығы және ірі астық қоймаларының қаржылық жағдайының нашарлауы әсер етті, бұл бүкіл саланың несиелік қабілеттілігіне айтарлықтай нұқсан келтірді.
Сонымен қатар, ЕДБ ауылшаруашылық қаржыландыруының өсуіне салалық тәуекелдерді консервативті тұрғыда бағалау, салалық тәуекелдердіқарастырудың тиімді құралдарының жоқтығы, ауылдық жерлерде кепілзат өтімділігінің төмендігі, оның ішінде көптеген адамдар үшін негізгі ипотекалық құрал болып табылатын жер нарығы мен жер пайдалану құқығының нашарлауы, сондай-ақ ауылдық жерлерде аймақтық банктік желіні дамытуға және қолдауға үлкен шығындар жұмсалатындығы себеп болды.
ElDala.kz: Бұл жағдайда «ҚазАгро» холдингінің бюджеті шектеулі болғандықтан, қаржы ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыруы қиын шығар? Жеке инвесторларды осы салаға қатыстыру үшін не істеу керек?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Холдинг жыл сайын агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыруды арттырады, бұл ретте қаражаттың жартысынан төмені (49%) мемлекеттік қорларға бөлінеді (оның 30 млрд. теңгесі ғана капиталдандырылған, қалған қаражаты - «Еңбек» бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты). Бюджеттен тыс нарық жағдайында меншікті және қарызға алынған қаражат 51% құрайды. Осылайша, мемлекет бөлген әрбір теңге үшін холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыруға нарықта кемінде бір теңге болса да қатыстыруға тырысады.
Бүгінгі таңда холдингтен жалпы құны 622 млрд. теңгенің 781 инвестициялық жобасы қаржыландырылды (холдингті қаржыландыру үлесі 464 млрд. теңге. Оның ішінде жалпы құны 494 млрд теңге болатын шамамен 26 мың жұмыс орны құрылған, 715 инвестициялық жоба (2019 жылы 87 жоба іске қосылды) пайдалануға берілді.
ElDala.kz: Осы салада арнайы аграрлық банктің құрылуы агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудағы жағдайды жақсартуы мүмкін деп ойлайсыз ба?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Мамандандырылған Аграрлық банк құру мәселесі бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда мемлекеттік филиалдар банкін құру тәжірибесі бұрыннан бар. 90-жылдары бюджеттік ақшаға толығымен тәуелді Агропромбанк құрылған болатын, алайда ол ұзақ жұмыс істемеді. Қазіргі уақытта холдингтің еншілес ұйымдары бойынша Агробанк құру келесі себептерге байланысты мүмкін емес деп санаймыз.
Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың қол жетімді болуының негізгі факторы ұйымдық емес - қаржылық институттың заңды түрде болуы, бірақ қаржыландыру құны, саладағы несиелік тәуекелдер деңгейі және несиелеу процесі тиімді болуы керек.
Агробанк құру оның салымшыларының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қатаң реттеуі бойынша қарыздардың қол жетімділігін төмендетуі мүмкін.
Бұл тәуекелдерді басқарудың, Агробанктің кепілзаттық саясат қазіргі екінші деңгейдегі банктерге әсер етуі мүмкін, бұл ауылдық жерлерде төмен өтетін кепілзатты қою мүмкіндігін шектейді. Агробанкке жүгінген уақытта, фермерлер үшін «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарына жүгінген кезбен салыстырғанда шарттары қиын болады.
Агробанк құрылса, ол еншілес ұйымдардың жаңа банктік құралдармен жұмыс істеуін кеңейтеді және банктік инфрақұрылымды құру қажет болады (қолма-қол ақшаны басқару қызметтері, заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, төлем карточкаларын шығару және т.б.), бұл өз кезегінде әкімшілік шығындарды арттырады (жаңа ақша шығындары, қарулы күзетшілер жалдау және басқа да қызметтерге қаржы төлеу) соның салдарынан несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер өседі.
ElDala.kz: Ауылшаруашылық жерлерін бөлу және пайдалану жүйесіндегі қандай өзгерістер инвесторлардың агроөнеркәсіптік секторға деген қызығушылығын арттыруы мүмкін?
Қазақстанға ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді иемденуде жеке меншіктік қажет пе?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Бүгінгі таңда бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығының мүмкіндігіне сараптама жасап жатыр және алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық елдердің шетелдік тәжірибесі зерттелуде.
Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады, өйткені сіздер білесіздер, бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланған.