Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстандық фермерлер утилизациялық алымға құрбан болмақшы
Дағдарыс қызған кезде утилизациялық алымды енгізу ҚР Президентінің бизнеске ауыртпалықты арттыруға жол бермеу туралы нұсқауларына қайшы келеді. Алайда, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоқтығынан толық мемлекеттік қолдауға тәуелді, ақсап тұрған машина жасау саласын қолдайтындай тұтқа қалмаған сияқты.
Айқын таңдау
Ресейлік немесе Беларуссиялық жабдық өндірушілерін ешкім ренжітейін деп жатқан жоқ. ЕАЭО зауыттарының әлемдік көшбасшылары болып келетін АҚШ, Еуропа сияқты елдерден технологиялық артта қалуы – тек дәлел.
Ірі салалық қауымдастықтар басшыларының утилизациялық алымды енгізу қарсаңында Мәжіліске жолдаған хатынан дәйексөз келтірейік. Фермерлердің өздері отандық машина зауыттарының өнімдерін былайша бағалайды:
«Олар шығаратын техниканың қазіргі және келешектегі ассортименті, сондай-ақ сапасы елдегі аграрлық шаруашылықтардың ауылшаруашылық техникаларына деген қажеттіліктер қанағаттандыруға қабілетсіз, ал осы жинақтың толық енгізілуі ҚР шығарылмайтын тиімділігі жоғары ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының күрт қымбаттауына алып келеді және аграрлық шаруашылықтардың техникалық қайта жарақтандыруға инвестиция салу мүмкіндігін айтарлықтай тежейді.»
Сондықтан да, фермерлер қымбат болғанына қарамастан, алыс шетелден техника сатып алуға тырысады. Ақыр соңында, сараң екі рет төлейтін жағдай орын алып отыр.
Басыбайлы ауыл шаруашылық машина жасау саласын қолдау және дамыту қажеттілігі жөнінде ешкім дауласа қоймас. Бірақ, біріншіден, онда ол шынымен меншікті болу керек (оқшаулануы 30% аспайтын ресей және белорусиялық техникадан құрастырылатын ірі торапты болмауы керек). Ал екіншіден, ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінуі тиіс ондаған миллиардтарды жергілікті құрастыру зауыттарының қалтасына аударып, фермерлердің есебінен қолдауға тырысатыны неліктен?
Тақырып бойынша: «Атамқұлов ауыл шаруашылық техникасына утилизациялық алымды енгізу туралы айтты» мақаласын оқыңыз.
Әлбетте, экономикадағы жағдайдың нашарлығы соншалықты, кейбіреулерін басқалардың есебінен қорғауға тура келеді. Дағдарыс кезінде аграрлық сала азық-түлікке деген сұраныстың өсуіне қарай, ішкі ғана емес, сыртқы нарықтың өзінде өзін жеткілікті тұрақты сала ретінде көрсетті. Осыған қарап, үкімет (оның бөлігі ретінде ИИДМ және ҰЭМ) фермерлердің бастарына түскен ауыртпалықты әдетінше жеңіп шығады деп шешкенге ұқсайды. Осы жерде «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деген мақал есіне түсері сөзсіз.
Еңбек өнімсіздігі
Машина жасау саласына қайта оралсақ, мұндағы жағдай мәз емес. Зауыттар тек ішінара жүктелген, жалпы өндірістік қуаты 3000 бірліктен асатын зауыттар 1000 тракторлар мен комбайндар шығарып отыр, яғни өндіріс қуатының тек үштен бір бөлігі ғана жүктелген.
Осыдан-ақ, ауыл шаруашылығыы машиналарын жасау саласындағы еңбек өнімділігінің бес жыл ішінде 2014 жылғы 29,8 мың доллардан 2018 жылғы 8,3 мың долларға дейін, демек 3,5 есеге төмендегені көрінеді. Аутсайдерлердің бұл жарысында ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласы еңбек өнімділігі небары 3,3 есеге төмендеген автомобиль шығару саласын басып озып отыр.
Осы жерде ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларының бірі – агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігінің 2,5 есеге артуы екенін еске түсірген дұрыс. Бұл міндеттің орындалуы ауыл шаруашылық техникалары паркін жаңартумен тікелей байланысты. Бұл ретте, отандық құрастырушылардың 3-4 машиналарын ауыстыруға мүмкіндік беретіндей, шет елдерден өнімділігі жоғары ауыл шаруашылық машиналарын сатып алу есебінен шықпақшы.
Алайда, қорғансыз аграрлық саланы әдеттегідей экономиканың барынша «беделді» (ықпалды қолдаушыларының болуына қарай) машина жасау сегментіне құрбандыққа келтіргісі келетін сияқты.
Тақырып бойынша: «Утилизациялық алымды енгізу Қазақстан фермерлерін кетпенмен ғана қалдырмақшы» мақаласын оқыңыз.
Мәселе не туралы? Құнның артуы туралы ғана. Иә, еңбек өнімділігін жергіліктендіруді күшейтіп, өнімді арзандату есебінен арттыруға болар еді. Бұл бастапқыда талқыланды! Бірақ, неліктен екен белгісіз мойынсұнбай отыр немесе жасағысы келмей отыр.
Нәтижесінде, «бүйірден» кіру – өзіндік құнды төмендетпеу емес, сату бағасын арттыру жолы ғана қалды.
Мұны тек әкімшілік ресурстар бәсекелестіктің жолы кескен кезде ғана жасауға болады. Міне, тап осы жерде утилизациялық алым көмекке келеді.
Уақытша көтерілу
Бәске тігіліп отырған мөлшерлеме қандай? Қазақстанның фермерлері өткен маусымда шамамен 200 млрд теңгеге техника сатып алды. Утилизациялық алымды енгізуге байланысты бағаның қаншалықты өсетіні белгісіз, бірақ салалық қауымдастықтар 15 бастап 30% дейінгі сандарды атап отыр. Бұдан туындайтыны, бағаның өсу сомасы 40-50 млрд теңгеге шығады.
Бір қызығы, осы фермерлерге ауыл шаруашылық техникасының құнын төмендету үшін мемлекет бөлетін жыл сайынғы инвестициялық субсидияның мөлшері осындай. Мәселен, 2019 жылдың соңында ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға бөлінетін инвестициялық субсидия төлемі шамамен 47 млрд теңгені құрап, соның арқасында 10 мыңнан астам фермерлер өздерінің техникаларын жаңартып алған болатын. Инвестициялық субсидияның тиімді болғандығы соншалықты, өткен жылы жаңартудың өсу қарқыны 72%-ды құрап отыр. Яғни, 2018 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 3426, ал 2019 жылы 5885 ауыл шаруашылық техникаларын лизингіге беріп отыр. Айта кететіні, фермерлермен тұқым сепкіші бар бірнеше стандартты тракторларды бірден ауыстыруға болатындай, шет елдерде шығарылған өнімділігі жоғары егін егу кешендерін сатып алу екі есе (2018 ж. 72-ден 2019 жылы 142-ге дейін) өскен.
Фермерлер «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қатысуынсыз 6 мыңға жуық техника сатып алды. Яғни, бір жыл ішінде еліміздегі 300 мыңға жуық бірліктен тұратын машина-трактор паркі 12 000 жаңа ауыл шаруашылық техникаларымен толықтырылды.
Ал егер ұзақ уақыт аралығында паркті жаңарту қарқыны 1,1% -дан 1,7% -ға дейін өзгерсе, онда ол 2019 жылдың соңында 4% жеткен. Әрине, 6% минималды қолайлы норматив (және әсіресе дамыған елдердің 10%-ы емес) болмағанымен, мұның өзі жоқтан жақсы.
Тақырып бойынша: «Утилизациялық алымды енгізу ауыл шаруашылық техникаларының қымбаттауына алып келді» мақаласын оқыңыз.
Бірақ бұл 2019 жылы орын алған болатын. Ал биылғы жылы (немесе келесі жылы, салаға утилизациялық алым енгізілетін кезеңде) біз бұрынғы 1,5%-ға, одан да төмен түсіп кетуіміз мүмкін.
Иә, инвестициялық субсидиялар номиналды түрде қалғанымен, бірақ бұл енді ауыл шаруашылық машиналары құнының нақты төмендеуіне алып келмейді, олар тек енгізілетін утилизациялық алымды жабады. Яғни, фермерлерге шығасыларын азайту үшін емес, олардың машина жасау зауыттары иелеріне осы 50 млрд теңгені тапсыруы үшін қаржы берілмекші.
Егерде кезектегі теңгенің девальвациясын еске түсіретін болсақ, онда техниканың нақты бағасы тағы 10 – 20%-ға өсетін болады.
Бос үміт
Иә, біз импорттық ауыл шаруашылық техникаларын сөз етіп отырмыз. Жергілікті машина жасау зауыттарының өнімі арзан, фермерлердің қолы жететіндей болуына байланысты, утилизациялық алымды енгізу бастамашылары тап осы жағдайдың оның дамуына серпін беретінімен келісе қоймайтыны анық.
Бұл көзқарас негізсіз. Фермерлер объективті себептерге байланысты импорттық ауыл шаруашылық техникаларының қымбаттауына қарай, жергілікті техникалардың да бағаларының өсетініне бірнеше мәрте куә болды.
Бұл туралы салалық одақ басшылары мәжілісмендерге: «Жергілікті құрастыру зауыттары соңғы 5 жылда барлық қолдау шараларын және девальвацияны пайдалана отырып, комбайндар мен тракторлардың бағаларын 2,6 есеге өсірді. Мәселен, құрастыру зауыттары 2017 жылы ҚҚС төлеуден босатылған кезде олардың ешқайсысы сату бағаларын 12%-ға төмендеткен жоқ. Нағыз отандық өндірістерде мұндай жағдай орын алмауы керек еді», – деген болатын.
«Жергілікті өндірушілер» неліктен бұлай істеді? Өйткені осылай істегісі келеді және осылай жасау үшін жасанды түрде жасалған теңсіз бәсекелестік жағдайларын қолдана алды!
Енді осылай болмақшы да: импорттық ауыл шаруашылық техникалары қымбаттай бастағанда, жергілікті техникалардың да бағалары көтеріліп кетеді. Біршама уақыт барысында осы зауыттардың көрсеткіштері инфляция жұтып алмағанша жақсарады (бұған ауыл шаруашылық машиналарын шығарушылардың әрекеттері алып келеді – өйткені ауыл шаруашылық техникаларының қымбаттауы тамақ өнімдерінің де қымбаттауына алып келеді). Бұдан әрі «мемлекеттік қолдаудың» жаңа жолдарын іздестіру басталады.
Ал машина шығарушылардың жағдайы қазірдің өзінде өте қуатты. Салалық одақ басшыларының мәжілісмендерге жазған хатын тағы да ұсынамыз: «Қазақстан Республикасының жергілікті құрастыру зауыттарының қол жетімді жеңілдіктер пакеті: ҚҚС-тан 12% босату, салықтан 10% босату, республикалық бюджеттен 25% инвестициялық субсидиялар, облыстық бюджеттен 10% инвестициялық субсидиялар, барлығы 57%».
Бұдан да басқа жеңілдіктер – отандық өнімге арналған неғұрлым жеңіл лизинг, зауыттардың өзінен квазимемлекеттік қорлардан алынған ұзақ мерзімді қорлар. Мұның бәріне қарамастан, сала күн көріс шегінде!
Тақырып бойынша: «Аграрлық шаруашылықтар заманауи ауыл шаруашылық техникаларына утилизациялық алымды енгізуге қарсы шықты» мақаласын оқыңыз.
Міне осы жерде орынды сұрақ туады: «Бұл өміршең емес отандық машина жасау деп аталатын саланы қолдау қажет пе?». Шындығына келетін болсақ, ол біздің нарыққа өз ішіндегісін итере салатын, ресейлік және белоруссиялық «ішектердің» апендиксі емес пе!?
P.S. Айтпақшы, Қазақстанның машина жасау зауыттарының өздері утилизациялық алым енгізуден зардап шекпейді. «ӨКМ операторы» компаниясының пайдасына төленген соманы қайтару үшін түрлі тетіктер әзірленді. Соның ішінде, фермерлер комбайн немесе тракторды утилизацияға тапсыра отырып, қолдарына ала алатын жеңілдік сертификаттарын қолдану арқылы. Сертификаттарды тек отандық ауыл шаруашылық машиналарын сатып алуға пайдалануға болады.
Қалай болғанда да, барлық жағдайда осыған байланысты өзінің жағдайын жасаушы отандық машина жасау зауыттары емес, бұл схеманың түпкілікті пайда алушысы – аккумуляциялық алымды өз шоттарына жинақтайтын жеке компания «ӨКМ операторы». Импорттаушылар мен өндірушілердің аударымдары есебінен ол шаш етектен пайдаға кеңелмекші. Салалық одақтардың мәжілісмендерге жолдаған хаттағы есептеулеріне сәйкес, барлық төлеушілерден (ауылшаруашылық машина жасаушылар, автомобильдер, қосалқы бөлшектер, шиналар, автомобиль майлары және т.б. өндірушілер мен жеткізушілер) келіп түсетін жалпы табыс жылына 100 млрд теңгені құрайды.
«ӨКМ операторының» бұл миллиардтарды қайда жұмсайтыны бізге беймәлім.