EURASIAN AGRICOM

EURASIAN AGRICOM: Eurasian Agricommodities Trade & Logistics конференциясы 29 қыркүйекте Астанада өтеді. Бұл халықаралық форум солтүстік жарты шарда негізгі дәнді және майлы дақылдар түсімінің ауқымы айқындалатын және Еуразияның аграрлық нарықтарының конъюнктурасы белсенді қалыптасатын кезеңде өткізіледі.

Қатысушылар - жетекші халықаралық және қазақстандық трейдерлер, қайта өңдеушілер, агрохолдингтер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлер, ауыл шаруашылығына арналған өндіріс құралдарын жеткізушілер, қаржы институттары мен логистикалық компаниялар және басқалар.

«EURASIAN AGRICOM: Eurasian Agricommodities Trade and Logistics» халықаралық астық конференциясына қатысу үшін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Әзірбайжан, Италия, Австрия, Нидерланды, Түркия, Иран, Сингапур, БАӘ және Нигериядан 71 компанияның өкілдері тіркелді.

Ұйымдастырушылар:

«Grain Market Services» және Аграрлық нарық конъюнктурасы институты (ИКАР).

Конференцияның демеушілері 17 компания болды, оның ішінде эксклюзивті демеуші ретінде  «Атамекен-Агро» анықталды. Демеушілер арасында: «Евразия Групп Казахстан», «Первая агрохимическая компания», «General Survey Inspection Co LTD», «Alliance Agro Trade» бар.

Негізгі тақырыптар:

  • Әлемдік астық және майлы дақылдар нарығының қазіргі жағдайы және даму перспективалары.
  • Қазақстанның және шектес елдердің астық және майлы дақылдар нарығы.
  • Агроэкономика.
  • Көлік логистикасының проблемалары және оларды шешу жолдары.
  • Мемлекеттік реттеу.