AgriTek/FarmTek Astana 2023

AgriTek/FarmTek Astana 2023 — жыл сайын TNT ЕХРО компаниясы өткізетін он сегізінші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі. 

AgriTek/FarmTek Astana-2023-те 29-31 наурыз аралығында Астана қаласының астаналық EXPO-орталығында Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция және басқа елдерден 200-ден астам компания өз өнімдерін ұсынады. 

AgriTek/FarmTek Astana'2023-те ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, мал азығы, ветеринариялық технологиялар және басқа да өндіріс құралдары ұсынылатын болады.

Іс-шара аясында ауыл шаруашылығының түрлі мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Көрме ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Астана әкімдігінің, Қазақстан фермерлер қауымдастығының, Қазақстан құс өсірушілер Одағының қолдауымен өтеді. Ресми серіктес ҚазАгроҚаржы болып табылады.