Rostselmash 2400: ең жоғары тарту күші — топыраққа ең төмен қысым

Егістік қабатының шамадан тыс тығыздалуы дәнді дақылдардың өнімділігін 30–50%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл мәселенің алдын алудың негізгі тәсілдерінің бірі — кең алымды агрегаттарды пайдалану арқылы ауыр техниканың егістікпен жүріп өту санын қысқарту. Классикалық технологиямен де, ресурс үнемдейтін технологиямен де жұмыс істейтін шаруашылықтар неліктен топсалы-буындасқан Rostselmash 2400 тракторын жиі таңдай бастады?

Егістікке түсетін жүктемені азайту жұмыс құралдарының қамту енін ұлғайтуды, демек, қуатты тракторларды пайдалануды талап етеді. Мұндай жағдайда көбіне топсалы-буындасқан тракторлар қолданылады. Дәл осындай конструкция айналу моментін барлық жетекші дөңгелектерге біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Топсалы-буындасқан Rostselmash 2400 тракторы кең алымды агрегаттармен жұмыс істеуге және топырақты өңдеудің ауыр түрлерін орындауға арнайы әзірленген. Жұмыс көлемі 11,6 литр болатын қуатты алты цилиндрлі қозғалтқыш 430 а.к. қуат өндіреді, айналу моментінің 30%-дық қорына ие және 1500–2100 айн/мин аралығында қуатты тұрақты ұстап тұрады.

Орналасу схемасы мен салмақтың оңтайлы бөлінуінің арқасында Rostselmash 2400 өзінің 430 «тұлпарының» басым бөлігін дөңгелектердің тарту күшіне айналдырады. Бұл кез келген топырақ жағдайында тарту күшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір маусымда бұл трактор 12 мың гектарға дейін жер өңдей алады. Өнімділігі жырту және терең қопсыту кезінде сағатына 4,5 гектарға дейін, ал жеңілдеу жұмыстарда сағатына 19 гектарға дейін жетеді. Бұл оны егістік алқабы 1500 гектардан асатын шаруашылықтар үшін тиімді шешім етеді. Трактор кең алымды 8–9 корпусты қайырмалы соқалармен және 11 корпусқа дейінгі қайырмасыз соқалармен, сондай-ақ ені 12 метрлік қопсытқыштармен, тырмалармен және басқа да құралдармен сенімді жұмыс істей алады.

Қуат толық механикалық 12/4 беріліс қорабы арқылы беріледі. Трактор қиын учаскелерден төмендетілген жылдамдық диапазонына ауыспай-ақ сенімді өте алады. Ал беріліс қорабының беріліс қатынастары 4,8–16 км/сағ аралығындағы жұмыс жылдамдығының аса маңызды диапазонында барынша жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге бейімделген. Круиз-бақылау функциясын пайдалану қозғалтқыштың оңтайлы айналымдарын жұмыс барысында тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, егістікпен жүріп өту санын азайтуға трактордың үнемділігі мен дербестігі де ықпал етеді. Жалпы сыйымдылығы 927 литр болатын екі отын багы толық жұмыс күні бойы жанармай құюсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бактар раманың орталық бөлігіне орналастырылып, құбыр арқылы өзара жалғанған. Бұл ауысым бойы трактордың салмақ теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді, ал жанармайды екі жағынан да құюға болады. Айтпақшы, отынның орташа шығыны орындалатын жұмыс пен пайдаланылатын агрегатқа байланысты сағатына 55–75 литрді құрайды. Ал тартқыштың 50/50 салмақ үлестірілуінің арқасында отын шығыны мен беріліс қорабының компоненттерінің тозуы одан әрі азаяды.

Rostselmash компаниясы өз өндірісінде шығаратын белдемелер осы кластағы техникаға арналған өнеркәсіптегі ең қуатты белдемелердің қатарына жатады. Олар сыртқы планетарлық беріліспен және қуатты үлкен әрі жоғары дәлдікті күн тісті доңғалағы арқылы беретін күшейтілген борттық редукторлармен жабдықталған. Планетарлық механизмнің күпшектері тікелей көпір арқалығына бекітілген үлкен диаметрлі мойынтіректерге орнатылған. Соның арқасында барлық жүктеме жетек компоненттеріне емес, көпір арқалығына түседі.

Диаметрі 60 см болатын борттық беріліс қосарланған дөңгелектерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл — топырақты сақтаудың тағы бір маңызды артықшылығы. Қосарланған дөңгелектер топыраққа түсетін меншікті қысымды екі есе азайтып, ылғалды жағдайда тарту күшін арттырады және топырақтың құнарлы қабатының құрылымын сақтай отырып, дөңгелектің бос айналу үлесін төмендетеді. Айтпақшы, сыртқы дөңгелектерді орнату және шешу арнайы жабдықты қажет етпейді, қарапайым құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Алдыңғы және артқы белдемдердің дифференциалдарын бұғаттау мүмкіндігі бар тұрақты толық жетек базалық жинаққа кіреді. Соның арқасында трактор жоғарғы қабатты артық бұзбай, өтуі қиын учаскелерден де сенімді өте алады.

Өнімділігі 260 л/мин болатын гидравликалық жүйе бес электрогидравликалық үлестіргішпен, жоғары өнімді муфталармен және қысымсыз кері ағызу желісімен базалық жинақта ұсынылады. Бұл аталған қуат диапазонына арналған нарықтағы тұқым себу кешендері мен құрама құрал-саймандардың кең ауқымын, соның ішінде тұқым себу кезінде тыңайтқышты қатар енгізетін агрегаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Гидравликалық жетегі бар тұқым сепкіш аппараттармен жабдықталған кешендер үшін ағынды үлестіргішті айналып өтіп, тікелей тұтынушыға бағыттайтын арнайы жинақ қарастырылған.

Жүк көтергіштігі 5900 кг болатын үш нүктелі аспа және жылдам жалғау рамасы агрегатты кабинадан шықпай-ақ бір адамның жалғауына мүмкіндік береді. Қосымша ұсынылатын 1000 айн/мин жылдамдықтағы қуат алу білігі кең профильді шиналардағы бункер-тиегіштермен, сондай-ақ органикалық және минералды тыңайтқыш шашқыштармен үйлесімділікті кеңейтеді.

Базалық жинақта трактордың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін «Агротроник» платформасы және шиналарды үрлеуге, агрегаттарды үрлеп тазалауға және тіркеменің пневматикалық тежегіштерін іске қосуға арналған пневматикалық жүйе де бар.

Топсалы-буындасқан құрылымының, қосарланған дөңгелектермен жұмыс істеу мүмкіндігінің және кең алымды құрал-саймандармен біріктіру  арқылы Rostselmash 2400 топырақты барынша сақтай отырып, топырақты өңдеудің толық циклін орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл энергия шығынын азайтуға ықпал етеді.

Серік Рахметов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.