Jana Dala / Green Day ‘2023

Jana Dala/Green Day '2023 мамандандырылған халықаралық көрме-көрсетілімі 13-14 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС алаңында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Expo TIME» ЖШС ұйымдастырады.

 Көрме алаңы 30 га жерді алып жатыр, мұнда ROSTSELMASH, Агромашхолдинг, Amazone, John Deere, CLAAS және т.б. өндірушілердің егіс, егін жинау, топырақ өңдеу, жем-шөп жинау техникасы мен жабдықтары ұсынылған. Сондай-ақ, әр түрлі дақылдар мен сорттардың демонстрациялық егістері салынды.

Жеке блокта мал шаруашылығы ұсынылған: мал көрмесі ұйымдастырылған, жем-шөп, жемдік және дәрумендік қоспалар, ветеринариялық медицина және т.б. ұсынылған.

Көрмелердің іскерлік бағдарламасына тұсаукесерлер, семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптары кіреді.