Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аустралияның ет индустриясы қосымша 100 млн табысқа қол жеткізбекші – № 20 АгроДайджест
Австралия ет жарамдылығы мерзімінің ұзаруына байланысты $100 млн пайда таппақшы
Аустралияның қызыл ет индустриясы Таяу Шығыстағы бірқатар нарықтарға экспортталатын, салқындатылған ет өнімдерінің сақтау мерзімдерін шектеуді әлсіретудің арқасында қосымша 100 млн доллардан астам табыс алады деп күтілуде, – деп хабарлады Орта Шығыс, Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі MLA бизнес жөніндегі аймақтық менеджері Ник Меара.
MLA мен Аустралияның үкіметінің ғылыми деректерді жинау және тарату бағытындағы бірлескен күш-жігерінің арқасында, салқындатылған, вакуумда қапталған қой еті мен сиыр етін сақтау мерзіміне қойылған шектеу алынып тасталды.
Жақында Кувейт сиыр етінің жарамдылық мерзімін 70 күннен 120 күнге дейін және қой етін 90 күнге дейін ұзарту туралы шешімді мақұлдады;
Иордания сиыр етінің сақтау мерзімін 90 күннен 120 күнге дейін уақытша ұзартуды бекітті;
Катар сиыр етінің жарамдылық мерзімін 120 күнге өзгертудің соңғы кезеңінде (сиыр еті мен қой етінің жарамдылық мерзімі 90 күнге дейін);
Сауд Арабиясы қызыл еттің жарамдылық мерзімін міндетті 70 күннен бастап белгіленбегенге дейін ұзарту тиіс болатын қаулы жобасын жариялады, оған сәйкес, коммерциялық ұйымдар өнімнің жарамдылық мерзімін дербес анықтайтын болады;
Египет осындай шаралар бағытында жұмыстар жүргізуде.
Тақырып бойынша: «Қазақстандық сиыр етінің ТОП-15 экспорттаушыларын» мақаласын оқыңыз.
Бұл түзетулер Таяу Шығыс аймағындағы тұтынушылар үшін аустралиялық салқындатылған ет ұсынысының бөлшек саудасын біршама арттырады, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға және тамақ қалдықтары шығарындыларын қысқартуға көмектеседі.
БАӘ Парсы шығанағы аймағында 2017 жылы сиыр етінің жарамдылық мерзімін 70 күннен 120 күнге дейін ұзартқан алғашқы ел болды және бұл австралиялық ет индустриясының кірісіне жылына 13 млн. доллар қосты.
Қытайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сауда тапшылығы 36 млрд долларды құрап отыр
Ресми статистика деректері көрсетіп отырғандай, 2020 жылдың алғашқы бес айында Қытайдың ауылшаруашылық өнімдері саудасында 36,67 миллиард доллар тапшылығы тіркелді, бұл жылдық есепте 20,6 пайызға артып отыр.
ҚХР Ауылшаруашылық және ауылшаруашылық істері министрлігінің мәліметтері бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің импорты 8,8%-ға артып, жылдық есепте 65,98 млрд долларға жетті, ал экспорт 3% қысқарып, 29,31 млрд долларға дейін жеткен.
Тақырып бойынша: «АШМ қазақстандық ет өңдеушілерді Қытайға экспортқа шығару үшін тексерістен өткізеді» мақаласын оқыңыз.
Қытай ауылшаруашылық саудасының жалпы көлемі қаңтар-мамыр аралығында жылдық есепте 95,99 млрд. долларға дейін 4,9% -ға өсті.
Атап айтқанда, дәнді дақылдар импорты жылдық есепте 18,1% -ға өсіп, 9,34 млн. тоннаны құраса, ал шошқа етінің импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, 1,68 млн. тоннаға жетті.
Жемістер мен көкөністердің жыл сайынғы экспорты өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 18,9%-ға 2,51 млрд. долларға дейін, ал көкөністер экспорты 4,6% өсті.
Ресейлік арпаның жаңа өнімі экспортқа жөнелтілді
Азов аймағында астық нарығы күшейе түсіп, оның артынан кеме кірепұлы ілесті. Қалдықтардың сатылуына басымдылық берілгенімен, арпаның жаңа өнімі саудаға енді. Арпабастарды немесе арпаның ірі көлемдерін алыс бағыттарға жөнелту рейдтік ауыстырып тиеумен жүзеге асырылып жатты. Қолжетімді спот әдісімен жеткізу тоннасы біршама қысқарып, кеме жалдаушылар бастамаларын жоғалтты. Нарық қатысушылары жағдайдың кеме иелері жағына ауысқаны туралы шындап сөз қозғай бастады. Жұма күні споттағы теплоходтар өткен аптамен салыстырған 1-3 долларға қымбаттатып саудаласуға кірісіп, өнеркәсіп тауарлары кемесімен салыстырғандағы айырмашылық 5 долларға жетіп үлгерді.
Көптеген кеме иелелері таяу уақытта Ейск – Қара теңіз түрік порты базисінде мөлшерлеменің дейдвейт тоннасына 20 долларға дейін дейін өсетініне үміттенеді.
Алайда, реттеу органдар тарапынан екіұштылық сақталуда: шектеулердің әрекет ету мерзімі аяқталды, бірақ «ешкім рұқсат та берген емес». Бұл не бюрократиялық іркіліс, не монополистердің мүдделерін қорғау мақсатында салынған тыйымды ұзартудың күтілуі.
Тақырып бойынша: «ЕАЭО-да ауыл шаруашылық өнімдерін есепке алудың жалпы жүйесі құрылады» мақаласын оқыңыз.
Жалпы, Ресей Федерациясында ағымдағы жылғы астық түсімі туралы оң болжамдарға қарамастан, Чикаго биржасының соңынан Азов аймағындағы тауарлық нарық бағасы өсіп кетті. Келіссөздер барысында «жаңа өнімнің қысымынан бағаны төмендету» аргументі нәтиже бермеді. Егер есепті аптаның барысында алшақтық шамамен 5 долларды құраса, ол жылдың соңында артты және түрік сатып алушыларының көпшілігі ұсынған баға келісім таппады.
Соңғылары өндірісті тоқтатпау үшін шикізат қорын толтыру қажет болған жағдайда ғана бағаны арттыруға көшті.
Иран жұмыртқа экспортына тыйым салып, өзін-өзі қызыл етпен қамтамасыз етуге жақын
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігі ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу үшін жұмыртқа экспортына тыйым салды.
Иран айына 90 мың тонна жұмыртқа өндіреді. Коронавирус басталғанға дейін елдегі жан басына шаққандағы жұмыртқаның қалыпты шығыны жылына 12 килограмды құрады.
Жаңа коронавирус өршігеннен кейін Иранда жұмыртқа мен құс етін тұтыну өсіп, ал қызыл ет тұтыну азайды, бұл тапшылық пен бағаның қымбаттауына алып келді.
Мекиен тауық пен жұмыртқа өндірушілер одағының жетекшісі Реза Торкашванданың айтуынша, Иран соңғы 1398 қаржы жылында (2020 жылдың 19 наурызында аяқталған) 1,1 миллион тонна жұмыртқа өндірді, оның 41 мың тоннасы экспортталды.
Тақырып бойынша: «Қазақстанда құс етінің өндірісі жыл басынан бері 6,3 %-ға АЭО-да өсті» мақаласын оқыңыз.
Иран Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Мортеза Резайдың болжамына сәйкес, Иранның ағымдағы 1399 қаржы жылының (2021 ж. наурыз) соңында қызыл ет өндірісі 2-3%-ға өседі, бұл елді өзін-өзі қамтамасыз етуге жақындатады.
«Иранда қызыл ет өндірісі өткен жылы 859 мың тоннаны құрады. Осы жылдың соңында өндіріс көлемі 880 мың тоннаға жетеді деп күтілуде», – деді Мортеза Резай.
ЕО шегірткелерді бақылау үшін 15 млн евро бөлмекші
ФАО-ның бас директоры Цюй Дунъюй Еуропалық Одақтың шөл шегірткелерінің жаңа тобымен күресу үшін 15 миллион евро бөлгенін құптады.
Еуропалық Комиссия өкілі Комиссияның ФАО мен серіктес елдердің аймақтағы соңғы онжылдықтардағы ең ірі шөл шегірткесінің таралу ошақтарын жою жөніндегі күш-жігерін қолдау үшін қаражат бөлгенін айтты.
Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында ЕО шегірткелерді бақылау үшін 11 млн евро бөлді.
ФАО-ның қолдауымен Африка мүйісі және Йемен елдерінде қаңтар айынан бастап жарты триллионға жуық шегіртке жойылып, нәтижесінде миллион тонна өнім, яғни 7 млн адамды тамақтандыруға жеткілікті азық-түлік көлемі үнемделді.
500 мың гектар алқап шегірткеден тазартылғанымен, алайда көктемгі нөсер жауын оның таралуына жақсы жағдай жасап үлгерді, шегірткенің жаңа топтары Эфиопия, Кения, Сомали, Судан, Оңтүстік судан мен Йеменге «шабуылдайтын» болса, гуманитарлық дағдарыс қаупі қайта орын алады.
Соңғы Азық-түлік дағдарыстары туралы ғаламдық баяндамаға сәйкес, 2020 жылы Шығыс Африкада шегіртке «шабуылына» дейін, 25 млн адам қатты аштыққа душар болған. Йеменде 17 млн адам ұқсас жағдайға ұшыраған. COVID-19 пандемиясы проблемалық аймақтардағы азы-түлік қауіпсіздігін одан әрі ушықтырмақшы.
Тақырып бойынша: «Әлем бойынша азық-түлік арзандамақшы – № 15 Агродайджесті» оқыңыз.
Шығыс Африкада шегірткенің жаңа тобының пайда болуымен қатар, осы отардыың бір бөлігі Үндістан мен Пәкістанға көшкені, ал біразы Батыс Африкада мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Шөлі шегірткесі әлемдегі ең көп қауіпті көшпелі жәндік болып саналады. Бір шаршы шақырым ауданды алып жатқан аздаған тобының өзі, 35 мың адам тамақтанатын азық-түлікті бір күнде жеп қоя алады.
ЕО тарапынан қосымша қолдауды қоспағанда, Қытай тарапынан 2 млн доллар және Канададан 1 млн доллар келіп түсті.