Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ЕО фермерлері жем бағасының қымбаттауына байланысты қара малдарын союда – №21 АгроДайджест
Европада жем бағасының өсуіне байланысты малдарды союға мәжбүр
Еуропалық Одақтағы ет өндірушілер жем бағасының өсуіне байланысты ірі қара малдарын мерзімінен бұрын сою алаңына жіберуге мәжбүр, деп хабарлады Еуропалық комиссия.
Бұл ретте, баяндамада сиыр етін өндірудің азаятындығы нақтыланып отыр. Қоғамдық тамақтану тараптарынан сұраныстың болмауына байланысты ет өндіру төмендеуде.
Тақырып бойынша: «Қостанай облысындағы ауыл тұрғындары «бруцеллез ауруы» деп жүз шақты сиырды союға асығыс тапсырған» мақаласын оқыңыз.
Еуропалық комиссия сиыр етінің экспорты 2%-ға өседі деп болжайды. Сонымен бірге импорттың 7% төмендеуі күтілуде.
Еуропада коронавирустық пандемияның салдарынан туристер санының азаюына, мейрамханалар мен кафелердің жабылуына байланысты етке сұраныс азайды.
Өзбекстанның ірі қант зауыттары тоқтады
Өзбекстандағы «Ангрен қант» ЖШҚ және «Хорезм қант» ЖШҚ ірі қант зауыттары профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін тоқтатылды.
Зауыттардың бас директорлары Рустам Акбарходжаев пен Умиджон Комиловтың мәлімдемесіне сәйкес, зауыттар шикізатты қайта өңдеудің аяқталуына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Осы жағдайды пайдаланып, зауыттар жабдықтарға профилактикалық тазарту жүргізуде.
Шетелден жаңа шикізат сатып алынған соң, зауыттар өндірісі толық қуатымен қайта іске қосылмақшы.
Тақырып бойынша: «Ақсу қант зауыты базасында екі жаңа өндіріс ашу жоспарланып отыр» мақаласын оқыңыз.
Бұған дейін «Rusbankrot» басылымы Өзбекстанда қант жеткізіліміне кедендік баж салығының нөлденуі, нәтижесінде жергілікті өнім импорттық өнімге қарағанда қымбаттап, зауыттардың тоқтауы жағдайы банкроттық ретінде ұсынылғанын жариялаған болатын.
IKEA бұршақ пен сұлыдан дайындалған фрикаделькалар сата бастады
Ресейдегі IKEA гипермаркеттерінің аумағындағы мейрамханалар мен дәмханалардың мәзірінде жақын уақытта «экоделькалар» деп аталатын, өсімдік шикізатынан жасалған фрикаделькалар пайда болмақшы.
«Экоделькалар» бұршақ ақуызынан, сұлы, картоп және алмадан жасалады. Технологтар саңырауқұлақ, қызанақ пен пісірілген көкөністер сығындысын қосу арқылы ет дәмін келтірді. IKEA Food мейрамханалары мен дәмханаларындағы гарнирден, сары май тұздығы мен жалбыз джемінен тұратын сегіз даналық экодельканың бір кісілік үлесі 169 рубльге сатылады.
Тақырып бойынша: «ЕАЭО органикалық ауылшаруашылық өнімдерінің бірыңғай нарығын қалыптастырады» мақаласын оқыңыз.
Жыл сайын IKEA гипермаркеттеріндегі мейрамханалар мен дәмханаларға келушілер 1 миллиард классикалық еттен дайындалған фрикаделькалар сатып алады. Жаһандық ритейлер өсімдік аналогын мәзірге енгізуді жоспарлап отырғанын биылғы жылдың ақпан айында жариялады, ал 10 жылдан кейін IKEA «климаттық оң» баға берілетін компания мәртебесін алуға ниетті.
IKEA Food дирекциясы бір жыл ішінде өз бизнесінің көміртегі мөлшерін 4,3% төмендетіп, сонымен бірге сатылымды 6,5% көтергенін нақтылады. Сонымен қатар, сауда желісінің азық-түлік бөлімі шығаратын парник газдарының шамамен 70%-ға жуығы шошқа еті мен сиыр етін өндіруге келеді. 2022 жылға қарай IKEA өзінің мейрамханаларындағы тағам түрлерінің 20%-ын етсіз тағамдарға бөлуді жоспарлап отыр.
Иран бал өндіру жөнінен әлемде төртінші орында
Иранның ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі, омарта шаруашылығы бойынша жалпыұлттық бағдарламаны басқарып отырған Фархад Мошир Гаффаридің мәлімдеуінше, елдегі бал өндірісі 2020 жылдың наурыз айында аяқталатын соңғы күнтізбелік жылы 112,500 тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық.
Осылайша, ел ара ұяларының жалпы санында бірдей жаһандық позицияға ие бола отырып, әлемде бал өндіру бойынша төртінші орынға ие болды.
Мошир Гаффари Ирандағы 98000 ара фермаларындағы ара ұяларының санының 10,6 миллионға жеткенін айтты. Оның айтуынша, ирандық омарташылар әр ұядан орта есеппен 11 келі бал жинайды.
Тақырып бойынша: «Бал баптаған Қазақстан» мақаласын оқыңыз.
Иранда ара шаруашылығының басқа өнімдерін өндіру көлемі де соңғы күнтізбелік жыл ішінде өсті: ара балауызы 2220 тоннаға, ара ұялары жасау үшін қолданылатын прополис немесе ара желімі – 124 тоннаға жетіп, ал тозаң жинау 285 тоннадан асты.
Шенеуніктің айтуынша, Иранның Ауыл шаруашылығы министрлігі омарташыларға бақшалар мен фермаларда тозаңдандыратын араларды қолдану арқылы өнімділікті арттыруға, сондай-ақ басқа дақылдардың өнімділігін арттыруға көмектесетін бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
ФАО аштықпен күресу үшін 428,5 млн доллар бағыттайды
Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) мен БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДАБ) жаңа талдауы, пандемияның әсерінен аштықтың бұрыннан бар факторларының ушығуы нәтижесінде, COVID-19 байланысты туындаған алдағы азық-түлік дағдарысының басында тұрған 27 елдің атын атады. Әлемнің: Азиядағы Ауғанстан мен Бангладештен, Гаитиге, Венесуэла мен Орталық Америкаға, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Ирак, Ливан, Судан және Сирия мен Буркина-Фасо, Камерун, Либерия, Мали, Нигер, Нигерия, Мозамбик, Сьерра-Леоне және Африкадағы Зимбабве дейінгі бірде-бір өңірі тыс қалмады.
Бұл елдер COVID-19 дейін де әртүрлі күйзелістер мен стресс факторларының салдарынан азық-түлік қауіпсіздігі мен қатты аштықтың жоғары деңгейінен зардап шегіп отырған болатын.
Тақырып бойынша: «1 миллионнан астам қазақстандық азық-түлік сатып алу үшін ақшалай көмек алады» мақаласын оқыңыз.
Зерттеуге қатысқан фермерлер нәтижесі егістік көлемінің қысқаруына әкелетін, тұқымға қол жеткізу барысында туындайтын көптеген проблемаларды атап өтті. Гаитиде сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы астық өндірісінің айтарлықтай төмендеуін күтеді. Колумбияда сауалнамаға алынған малшылардың жартысынан көбі жем алу қиындықтарын көрсетсе, ал Оңтүстік Суданда респонденттердің үштен екісі ветеринариялық көмек алудың қиындығын атап өтуде.
Бұл динамика өндірістің құлдырауының шырғалаң шеңберіне алып келуі мүмкін.
Осы тенденцияларға қарсы тұру мақсатында ФАО COVID-19 пандемиясына БҰҰ-ның Ғаламдық гуманитарлық әсер ету жоспары аясында қажетті көмек көлемінің 428,5 млн долларға артатындығын жариялады. Бұл өз кезегінде, азық-түлік және ауылшаруашылық секторындағы өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандырмақшы.