Суару мәселесіндегі түйткілдер Қазақстанның оңтүстігінде егін шығынын алып келеді

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына қарасты Алматы облысындағы астық шығымдылығы мен тұқымдық материалдарының сапасы биыл ғалымдар тап болған суару түйткілдеріне байланысты күрт төмендеді.

ҚазҒЗИ-дің бас директоры Андрей Агеенконың айтуынша, Жалпақсай қоймасынан суармалы су қандай да болмасын түсіндірме берілместен тоқтатылған.

«Бізге тек судың тоқтатылатындығы туралы хабарлама жетті. Мәлім болғандай, су жинағыш апатты жағдайда екен. Содан бері бұл мәселені шешуге тырысудамыз. Қазіргі уақытта басқа шаруашылықты суаратын көзге қосылуға ғана қол жеткіздік. Дегенмен, су барлығына жетпейтіндіктен, кезектілік енгізуге тура келіп отыр», - деп атап өтті институтың бас директоры.

Оның айтуынша, суаруды қалпына келтіруді тездету үшін институт қызметкерлерінің өздері құбыр тартуға қатысқан. Алматы өңірінің осы маусымдағы су тапшылығын  ескерсек, су апатты түрде жетіспейді. Нәтижесінде институт келтірілген шығынды есептеуде.

«Астық бойынша жекелеген алқаптардағы өнімділіктің жоғалуы 50%-ға жетеді, тұқым материалына келетін болсақ, сапа бұрынғыға қарағанда 50%-ға төмендеді», - деді Андрей Агеенко.

Тақырып бойынша: «Алматы облысында арнайы комиссия суғаруға арналған суды бөлетін болады» оқыңыз.

Ауыл шаруашылығы институтының иелігінде шамамен 400 га суармалы жер, тағы 1600 га ғылыми-зерттеу институты бірге жұмыс істейтін Онтустік ауылшаруашылық паркінде бар. Ғалымдардың осы жерлерде атқарып келе жатқан жұмыстарының нәтижесін сақтау, ғылыми зерттеулерін жалғастыру және фермаларды қажетті тұқыммен қамтамасыз ету үшін суға зәру екенін атап өткіміз келеді.

«Қалыптасқан жағдай – адам факторы, нәтижесінде егін шығымын ғана жоғалтып отырған жоқпыз,  элиталық және супер элиталы тұқымдар себілген алқаптарымыз зардап шегуде. Яғни, бұл жағдай болашақта фермерлерге әсер етері сөзсіз. Сондықтан да, қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, Ауыл шаруашылығы, Экология министрліктеріне және басқа органдарға жүгінгенімізбен, әзірге жауап жоқ», - деп отыр институттың бас директоры.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өте қатал жағдайында, ыстық пен жауыш-шашынның аздығынан тамшылы суландыруды қолданып, артық шығынның алдын алғылары келетінін атап өтті.

Тақырып бойынша: «Қазсушаруашылық тарифті екі есеге қымбаттатуды жоспарлап отыр» оқыңыз.

Айтпақшы, Андрей Агеенко Facebook-тегі парақшасында тамшылы суландыру тәжірибесімен бөлісті.

Ол су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесінің бірден-бір дұрыс шешімі әртүрлі технологиялық шешімдермен бірге заманауи жүйелер мен суландыру тәсілдерін қолдану екенін атап өтті. Жаңа технологиялар қымбаттығына қарамастан, өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген.

«Суармалы дақылдардың шығымдылығы туралы айтуға әлі ерте болса да, қазіргі маусымның төтенше жағдайларында қолданылатын әдістер қазіргі заманғы суару жүйелері қолданылған тұқым дақылдарының негізгі бөлігінде өсімдіктерді сақтауға мүмкіндік берді. Ылғал үнемдеуші технологияларды қолданбаған жағдайда, өнім алу туралы ойлау да мүмкін еместігін толық сеніммен айта аламын.Шығын жоқ емес, алайда ол біздің егінді толық жоғалтуымыздың жанында түк те емес. Одан өзге, жұмыс қолдарына қатысты түйткілдеріміз де жоқ емес, ал автоматтандырылған суландыру еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беріп отыр», - деп жазды ол.

Агеенко Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты қамтамасыз етуді және елдің аграрлық секторының экспорттық әлеуетін заманауи технологиялар көмегімен арттыруға болатынына сенім білдірді.

Светлана Калинкина

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.