Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Үкімет оңтүстік өңірлерде күріш өсіру алқаптарын азайтуды тапсырды
Қазақстанда су ресурстарын үнемдеп пайдалану мақсатында ылғалды көп қажет ететін дақылдардың мөлшерін азайту арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жоспары қабылданды. Биылғы жылы жоспар орындалмады: Қызылорда, Алматы және Түркістан облыстарында күріш дақылдары жоспарланған көлемнен артып кетті. Ағымдағы жылы құрғақшылық болғандықтан, вегетациялық кезең өте қиын жағдайда өтті.
«Соңғы үш жылда Қазақстанда су айналымының мөлшері төмен деңгейде болып отыр. Өзен ағысындағы жалпы су мөлшері 2019 жылы 83 текше шақырымды құрады, бұл орташа жылдық көрсеткіштен 20% -ға аз. Айта кетерлік бір жағдай, республикадағы бүкіл су көлемнің 97% -ын оңтүстіктің төрт аймағы алады», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев бүгін үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Алматы облысында Іле өзенінің ағыны 2-3 есеге азайған, алайда суармалы жердің ауданы 2019 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқан. Облыста күріш егісі 10 мың гектарға жетеді немесе жалпы суармалы алқаптың 2 пайызын құрайды. Сонымен бірге күріш алқаптары облыстың жалпы суының 10%-ын немесе 350 млн текше метрді алып отыр. Егер суды үнемдеп күріш егісін қысқартып, басқа ылғал сүйгіш емес 40 мың гектарлық дақылдарды суаруға болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алматы облысының фермерлеріне суды пайдалану лимиті белгіленді
Түркістан облысында Сырдария ағыны 2020 жылы 15% төмен болды, бірақ жалпы алғанда суармалы егістік алқаптарын суаруға жеткілікті мөлшерде болды. Мақтаарал ауданында күріш дақылдары 4 мың гектарға егілді.Алайда аталған алқаптарды қысқарту 158 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қызылорда облысында суармалы жер көлемі 251 мың га құрайды, бұл республиканың барлық суармалы алқабының 16% болып табылады. Экология министрлігінің мәліметінше, биыл өңірде су мәселесі өте қиын жағдада болды.
«Айта кетерлік бір жағдай, күріш егу алаңы 90 мың гектарды құрады, ал АӨК-ті дамыту бағдарламасына сәйкес егіс алқабы 75 мың гектардан аспауы тиіс еді», - деді министр Мағзұм Мырзағалиев.
ҚР - да суармалы жерлер алаңын 2025 жылға қарай 2,2 млн га-ға, 2030 жылға қарай 3 млн га-ға дейін жеткізу міндеті қойылды, Экология Министрлігінің есептеулері бойынша су тұтынудың қазіргі мөлшерін сақтай отырып (1,5 млн га-ға 13,3 текше км), 2030 жылға қарай болжам бойынша суға деген тапшылық 11,7 текше км құрайды. Су тапшылығын болдырмау үшін Үкімет күріш егісін 29 мың гектарға қысқартуды ұсынады: Қызылорда облысында - 15 мың гектарға, Алматы облысында - 10 мың гектарға, Түркістан облысында-4 мың гектарға аз болады. Бұл бір маусымда 1 текше метр суды үнемдейді.
Су үнемдеу технологияларын қолдану тағы 750 мың га- да су үнемдеу орташа есеппен 30% - ды құрайды немесе 2,2 текше метр болады.
Ұзындығы 6 мың километр суару желілерін қайта жаңарту және 119 негізгі магистральдық арналарда цифрландыруды ауқымды енгізу есебінен Экология министрлігі жылына тағы 2 текше метр суды үнемдеуді жоспарлап отыр.
«Аталған қажеттіліктерге алдағы 5 жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарынан 192 млрд теңге жұмсалатын болады», - деп хабарлады Экология министрлігінің басшысы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда үш жылдың ішінде суармалы жер көлемі 2 млн га-ға дейін артатын болады
Сонымен қатар, 10 жыл ішінде 3,6 текше метр көлемінде су жинақтау үшін 39 жаңа су қоймасы салынады. Олар 394 мың га жаңа суармалы жерлерді суарумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған шаралардыжүзеге асыру шамамен қосымша 8,8 текше метр суды жинауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, 2020 жылы республика бойынша нақты су алу 13,3 текше метрді құрады, бұл 2019 жылдан 1 текше метрге артық.
Премьер-министр Асқар Мамин Экология министрлігінің ұсыныстарын қолдады.
«Қызылорда, Алматы және Түркістан облыстарында ылғалды көп қажет ететін күріш дақылын егу жоспардан артық болды. Жұмсалған судың едәуір мөлшерін экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдарды – көкөністер, жеміс-жидектер, рапс, соя өсіру үшін пайдалануға болады. Ол үшін әкімдіктер бекітілген егіс жоспарларын қатаң ұстанулары керек», — деді ол.
Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы, экология және сауда министрліктеріне әкімдермен бірге егіс алқаптарына егілетін дақылдарды әртараптандыру бойынша қойылған міндеттер мен қажеттілікті ескере отырып, ылғалды көп қажет етпейтін дақылдармен ауыстыру мәселесін талқылауды тапсырды. Бұл жұмыстың нәтижелері АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс.
Сонымен қатар, ол экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп трансшекаралық өзендерді өзара тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша салалық ведомстволармен жұмысты күшейтуді тапсырды.