АНК дала жұмыстарын қаржыландыруды жалғастыруда

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселеде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КЕжЕЖЖ) тиімді жүргізу маңызды рөл атқарады. Осы мақсаттарға 2024 жылы қосымша 300 млрд теңге бағытталды.

Аграрлық несие корпорациясы («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы) өз қызметін біртіндеп жақсартады және аграрлық секторды қаржыландыру көлемін ұлғайтады. Мысалы, егер 2021 жылы «Keң дала»бағдарламасы шеңберінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті несие беру көлемі 70 млрд теңгені құраса, 2022 жылы көлемі екі есеге - 140 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Үш жыл бойы Корпорация жыл сайын 140 млрд теңге көлемінде КЕжЕЖЖ-на несиелер береді.

Егер алдыңғы жылдары несиелер қысқа мерзімге берілсе (оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса), қазір қаржыландыру орта мерзімді болып табылады және өтеу мерзімі ұзартылды. Қазіргі уақытта қарыздардың 50%-ын өтеу 1 желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын 1 наурызға дейін жүзеге асырылады, бұл фермерлерге егінді неғұрлым тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Бюджеттік несиелеу есебінен бөлінген 140 млрд теңгеден басқа, қосымша қаржыландыру 300 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұл ҚР пезидентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен жасалды.

Осы қосымша қаржыландыру есебінен КЕжЕЖЖ 4 млн гектар егіс алқаптарын қамтуды қамтамасыз етті.

АНК атап өткендей, фермерлерді қаржыландырудың жаңа шарттары бұрын-соңды болмаған, бұл механизм фермерлер үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешеді.

Бірінші. Қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі қамтамасыз етілді. Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту және субсидия алу үшін жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, жаңа міндеттемелерге қол қоюға, ақшалай қаражаттың бөлінуін күтуге мәжбүр болды, бұл олардың қаржылық әл-ауқатына қатты әсер етті. Енді бұл қажет емес: осы өнім аясында Корпорация тиісті мемлекеттік субсидиялау Ережелеріне өзгерістер енгізуге бастамашы болды, соның арқасында фермерлер үшін барынша тиімді және ыңғайлы жағдайлар жасалды. Ставканы субсидиялау бойынша барлық жұмысты Аграрлық несие корпорациясы атынан кредитор өз мойнына алды. Фермер қосымша операцияларды қажет етпестен арзандатылған мөлшерлемені алады.

Екінші. Көбінесе АӨК субъектілері Корпорацияға несие қаражатын алу үшін жүгінген кезде кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесіне тап болады. Бұл мәселені ауыл шаруашылығы саласының барлық кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдары айтады. Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігіне сәйкес «Keң дала 2» бағдарламасы бойынша фермерлердің қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры кепілдік береді. Осылайша, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қарыз алған кезде шаруаларға барлық несиенің 15%-дан аспайтын сомаға кепіл беру жеткілікті.

 

Мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты негізде ұсынылады

Фермерлерді қолдау және олардың қызметтерін үнемі жақсарту Аграрлық несие корпорациясының басты міндеті болып табылады. Мәселен, өткен жылы астық егетін өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қолайсыз ауа-райының салдарынан зардап шекті, бұл бірінші кезекте олардың қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер етті. Оларды қолдау үшін жалпы кейінге қалдыру сомасы 56 млрд теңгеге қарыздарды ұзарту жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен аграрийлерді қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде АКК және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» клиенттері үшін төлемдерді кейінге қалдыру шарттары бекітілді.

2024 жылғы кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімінің соңына дейін кейінгі төлемдерге бөлінеді. 2024 - 2025 жылдары қарыздың аяқталу мерзімі бар жобалар бойынша қарыз алушының қызмет бағытына байланысты 24 айдан аспайтын мерзімге ұзарту берілді.

Зардап шеккен қарыз алушылардың несиелері бойынша су тасқыны салдарының ықпалына байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

АНК және ҚАҚ өтінімдерін жеделдетіп қарау мақсатында құжаттардың ең аз саны негізінде өтінімдерді қараудың оңайлатылған процесі бекітілді.

Кеңес алу және «Keң дала 2» бағдарламасына өтінім беру үшін Аграрлық несие корпорациясының жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпарат Agrocredit.kz сайтында қол жетімді және Call center нөмірлері бойынша: Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 және Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.