Қазақстан украиналық қарақұмық өндірушілерін тұншықтыруда

Қазақстанның қарақұмық импорты Украинада осы жарма өндірушілерін тұншықтыруда. Ол туралы билікке ішкі нарықты қорғау өтінішімен жүгінген өңдеушілер AgroPolit.com басылымына хабарлап отыр.

Түйткілдің себебі – қазақстандық өндірушілер шикізатты Ресейден бажсыз алуы (Кеден одағы) және дайын өнімді бажсыз Украинаға жеткізуі (еркін сауда туралы мемлекетаралық келісім аясында).

Бұл жағдайда Украиналық өңдеушілер тең емес бәсекелестік жағдайда қалуда: Украина үкіметі 2015 жылы ресейге қарсы санкциялар аясында ресейлік қарақұмық жармасына (коды 1104291700) және қарақұмық дәніне (коды 1008100000) 20% мөлшерінде импорттық баж салығын енгізді.

Көп ұзамай Ресейден Украинаға қарақұмық жармасын (дайын өнім) әкелуге мүлдем тыйым салынды. Украинаның өңдеушілеріне қарақұмық жармасын (шикізат) өңдеу үшін 20% баж салығымен әкелуден өзге жол қалмады. Осылай жасауға мәжбүр болды, өйткені елдің өзінде бұл дақылды отырғызу үнемі қысқаруда болатын. Ал 2017 жылы ел 176 мың тонна өніммен Ресей (1 миллион тонна) және Қытайдан (400 мың тонна) кейінгі әлем көшбасшыларының арасында үшінші орынды иемденген болатын.

Тақырып бойынша оқыңыз: СҚО облысында дәнді дақылдар өндірушісі жаңа жиналған дақылдарды сатып алу көлемін арттырады

Алайда жыл сайынғы егіс алқаптарының қысқаруы (200 мың гектардан 60 мың гектарға дейін) 2019 жылы жиналған егіннің небары 85 мың тоннаны құрауына әкелді.

 «Ресейдің және достастықтағы басқа елдердің бизнестері есеңгіреместен, өз өндірістік қуаттарын басқа елдерге жая бастады. Бірінші болып Қазақстан қуатын көшіруді бастады. Қазір оған Беларуссияның қосылғанын көріп отырмыз. Өткен жылы ресейлік инвесторлар Молдовада қарақұмық жармасын өндіретін зауыттың құрылысын бастады. Сонда не болғаны? Өзімізден 20 пайыздық бажбен алшақтатқан Ресей Федерациясының шикізаты нөлдік баж салығымен көршілерімізден дайын өнім түрінде келіп, сөрелерімізге жайғасуда. Мұндай жағдайда Украиналық өндірушілер бәсекелеске қабілетсіз болып отыр, өйткені осы астық пен шикізатқа 20% баж салығын төлеуі керек», - деді «Пятихатский комбинат хлебопродуктов» ЖШҚ бас директоры Антон Миллер.    

Әдеттен тыс жағдай қалыптасты: Украинаға Ресей Федерациясынан қарақұмық жармасының импортына тыйым салынғанымен, ЕАЭО елдерінен әкелуге тыйым салынбады, Украина билігі мұнысымен нарықты импорттан тазартқанымен, өзінің өндірушілерін тығырыққа тіреп отыр. Соңғы жылдары импорттың үлесі 10-нан 50% дейінгі қауіпті деңгейге дейін өсті.

«Маусым сайын украинадан шығарылған шикізат көлемінің азаюда көріп келемін. Өткен маусымда 12 айдың төртеуінде ғана, яғни қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларында украиналық шикізатпен қамтамасыз еттік. Неліктен бұлай? Шикізаттың аз шығарылуының себебі Украинаға Қазақстан арқылы жеткізілетін Ресейдің арзан жармасына иек арту. Өзіндік құнының төмен болуына байланысты (20 пайыздық тыйым салған баждың арқасында) Қазақстан Украинаның қарақұмық жармасы нарығының көп бөлігін басып алуда. Мұның салдары соңғы үш жылда Украинаны импортқа тәуелді етті», - деп түсіндірді «НОВААГРО» сауда үйінің дайын өнім бөлімінің басшысы Михаил Тюляков.

Импорттың үстемдігі Украинаның экономикасына соққы, өйткені өңдеудің қысқаруы импортқа жұмсалуы керек жұмыс орындарының, салықтың, валютаның жоғалуын білдіреді. Украина өңдеушілерінің үкіметтен нарықтың барлық қатысушылары үшін ойын ережесін теңдестіруді сұрауы осыдан.

Тақырып бойынша оқыңыз: Алматы облысының еңбеккерлері 308 мың тонна астық жинады

Ел үшін ұтылыс мұнымен аяқталмайды. Украина әкелініп жатқан жарманың сапасы мен нарықтағы баға тұтқаларын бақылау мүмкіндігін жоғалтып отыр. Өзіндік өндірістің болмауы бала бақшаларын, мектептердің, әскери бөлімшелердің қалыпты жұмысына қажет (жарма олардың міндетті тағамының құрамына кіреді) қарақұмықтың стратегиялық қорын сақтау мүмкіндігінен де айырып отыр.

«Қазақстан өндірушісі Алтай аймағына барып бажсыз сатып алған жармасын өңдегеннен кейін қосылған құн мен салықты Украинада емес, өз елінде төлеп келеді», - деп қосты Михаил Тюляков.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша 1104 тауар тобынан өңделген дәнді дақылдардың экспорты (қарақұмық жармасы туралы жеке мәліметтер жоқ) тұрақты түрде өсуде.

Украинаның Мемлекеттік статистика қызметінің мәліметтері бойынша, өңделген дәнді дақылдардың импорты (1104 коды бар тауар тобы – бұған қарақұмық жармасы кіреді, бірақ ол туралы жеке мәліметтер жоқ):

Нарық қатысушылары Украинада 2015 жылдан бастап өңделген астық (атап айтқанда қарақұмық жармасы) импортының бес есеге артып, бұл толықтай дерлік осы дақылдың өңделген астығының Қазақстан Республикасынан шығарылуының ұлғаюымен сәйкес келгенін айтып отыр.

Украина мен Қазақстан өндірушілері үшін тең жағдайлар жасау саланы жойылудан сақтай алады. Өндірушілердің де талабы осы. Егер билік қандай да болмасын шара қолданбайтын болса, онда үш жылдан соң украинаның қарақұмық өңдеушілері жоғалып кетуі мүмкін.

«Өндірісті жабу немесе тоқтату, одан кейін тіпті таратып жіберу туралы ойға қалып жүрміз. Олай істеуге қол бармайды, өйткені кәсіпорында шамамен 280 адам жұмыс істесе, оның бестен бірі қарақұмық бағытында жұмысқа тартылған. Қазір олардың барлығы жақсы жалақы алып, отбасыларын асырап отыр, ал зауыт шамамен 16 мың халық тұратын аудандағы бюджет түзетін кәсіпорын болып табылады», - дейді «Олимп»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Анатолий Власенко.

Тақырып бойынша оқыңыз: СҚО өзін қарақұмықпен толық қамтамасыз ете алады

Бұған жол бермеу үшін украиналық өндірушілер Ресейден шикізат жеткізуге салынатын 20% бажды алып тастауды ұсынады. Өндірушілер бұл сауда тосқауылының мағынасы жоқ деп санайды, өйткені мұның бәрі Ресей Федерациясының кірісіне әсер етпейді.

«Сол кезде Ресей Федерациясының астық шикізаты бізге түсіп, біздің өңдеуімізден өтпекші, ал қосылған құн Қазақстан, Беларусь немесе тағы бір жаққа жылыстамастан елдің ішінде қалады»- деп түсіндірді Антон Миллер.

Өндірушілердің пікірінше, мұндай қадам әбден негізделген. Сондықтан да қазір бұл шектеулер Ресейдің экономикасына соққы емес, ол тек украиндықтардың қалтасынан ақша шығаруда.

AgroPolit.com, Ольга Бескорсаяның аудармасы

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.