АгроДайджест-№ 6 шығарылым

Әлемде COVID-19 дерті жайылуда. Барлық елдер шекараларын жауып, эекспортқа шектеу қойып, карантин жариялады. ҚР қандай шаралар қолдануда? Дағдарыс кезінде аграршылардың жағдайы қандай? Осы туралы жаңалықтарды АгроДайджест шығарылымынан оқып, біле аласыздар!

Облыс қалаларындағы карантин шараалары егін егу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  өз сөзінде «…Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында өткізу өте маңызды». Осы жұмыстарды іске асыру мақсатында мемлекет тиісті шараларды қолдануда.

Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде егіс жұмыстарының уақыты созылуы мүмкін. Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтары «қозғалыссыз күйде». Блок постар қойылған. Онда жасыл дәліз арқылы жіберіледі, бірақ  арнайы рұқсат қағазбен көліктер және адамдар ғана шыға алады..

Жұмыла жұмыс істейтін кез келді: ФАО, ДДСҰ және ДТҰ бірлесе қабылдаған шешімі

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың өмір сүрумен байланысты азық-түлік қауіпсіздігі және қаражат табуы аталған халықаралық саудаға байланысты болып табылады.

Әлемде  COVID-19 пандемиясын тоқтатуға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Осындай жағдайда азық-түлікке байланысты шешімдерді ойланып істеу керек. Себебі оның салдары жаһандық сауда мен азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан да сақтықпен әрекет еткен дұрыс.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы»  басқармасының төрағасы Төлеутай Рақымбеков пен аталған орталықтың ғалымдары апта сайын Instagram – да-  @naseckz парақшасында тікелей эфирге шығып, фермерлер үшін онлайн режимінде кеңес береді. ҰАҒБО ауыл шаруашылығымен айналысушыларға кеңес беру үшін және өзекті ақпарат айтып, пікір алмасу үшін, алдағы уақытта жаңа форматта әр дүйсенбі,сәрсенбі және жұма күндері барлық сұрақтар бойынша жауап беру үшін тікелей эфирге шығады.

ҚР ауыл шаруашылық техникалары ескірген: әрбір 3 және 4 ауыл шаруашылық техникасы 10 жылдан асқан

Мемлекеттік бағдарламалар аталған жағдайды түзетуге арналған. Отандық кәсіпорындарды қолдауға тырысуда, бірақ қаражаттың бір бөлігі «бөтен» елге кетуде.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласын дамыту мәселесі маңызды болып тұр: жаңадан өндірушілердің пайда болуына және олардың күш-жігерінің өсуіне қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық компаниялар ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторларға сұраныстың 12,8% - ын ғана қамтамасыз ете алды, яғни нарықтың 87% - дан астамы импорттаушылардың үлесіне тиіп отыр.

«Бидай экспортына тыйым салу – көп қолданылмайтын тәсілдің бірі»

Астық өнімдері мен майлы дақылдарды экспортқа шығаруға тыйым салу Қазақстандағы ішкі нарыққа кері әсер ету мүмкін.

Жақын күндері Қазақстанда күнбағыс экспортына тыйым салу және бидай өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу енгізілді.Бұл шараның қаншалықты  дұрыс, бұрыстығы жайлы Егіс одағының төрағасы Виктор Асланов inbusiness.kz –ке берген сұхбатында айтты.

Бердибек Сапарбаев: Қант қызылшасы алқаптарының көлемін азайтуға болмайды

Өңір басшысы  Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып, егін шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі  ауданындағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Аспан агрода» болды.  Аталған компанияның жетекшісі Саха Манатовтың айтуынша, шаруашылық 1500 га аумақта орналасқан. Оның 600 гектары жайылымдық жер, шаруашылықта 200-ден астам ірі қара мал өсіріледі.  Көкөніс өсіретін жылыжайы бар. Мұнда қызылша, жүгері, бидай және алма өсіріледі.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.